.

Ақыл жемістері

US388850-1

Дэниел Стоун

Томас Эдисон сәтсіздікке ұшырағанын айту­дан жалықпайтын. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, мыңдаған сәтсіз тәжірибесін өткізе берген тұлға: ол бұл тәжірибелердің іске аспайтынына сенгісі келмеді.

«Бұл прогреске жетелейтін – өзіндік рух пен табандылық», – дейді Америкаға тиесілі авторлық құқық пен сызбалар сақталған АҚШ Конгресінің кітапханашысы Карла Хайден. «National Geographic» Хайденнен заманауи өмірдің қалыптасуына әсер еткен адамзат тарихындағы ең маңызды 10 жетістік – өнертабыс пен инновацияларды атап беруді сұрады.

US821393-2

Камераны ұшақпен салыстыруға бола ма? Прогресс үдемелі болумен қатар көрнекі болуы тиіс: оны ары қарай зерттеп алып кете алатын болуы керек. Мәселен, баспасөз станогі сауаттылықты арттырып, ойшылдардың өз ойларымен бөлісіп, өнертабыс санының артуына елеулі үлес қосты.

Заманауи өнертабыстар түрлендіруге қарағанда, жақсартуға бейім. Мысалы, кейінгі ұшақтар бұрынғыға қарағанда ұзағырақ әрі жылдамырақ ұша бастады. Дегенмен 3D принтер немесе интернет секілді қарыштап ілгерлеуге әкелетін ірі өнертабыстарға әлі де мүмкіндіктер баршылық.

US223898-1

US32130-1

US365788-1

Үздік 10 өнертабыс:

  1. Баспасөз станогі;
  2. Жарық лампасы;
  3. Ұшақ;
  4. Жеке компьютер;
  5. Вакцина;
  6. Жеңіл көлік;
  7. Сағат;
  8. Телефон;
  9. Тоңазытқыш;
  10. Камера;

ФОТО: Г.ИСТМАН, О.РАЙТ ЖӘНЕ У.РАЙТ, Г.П.ГОРДОН, Ж.Х.БУЛЛАРД, Т.А.ЭДИСОН.

       

Пікір жазу