.

«Сарышаған» полигонында ауқымды оқу-жаттығу өтті

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» әскери полигонында ТМД елдерінің  Әуе қорғаныс күштеріне ортақ жүйенің ауқымды оқу-жаттығуы өтті.

02

«Жауынгерлік достастық – 2017» деп ат қойылып, айдар тағылған бірлескен оқу-жаттығу барысында оқ атудың түр түрі қолданылды.

03

Оған ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан секілді ТМД елдерінің әскерилері де қатысты.

04

Шара мақсаты – еліміздің әуе шебіндегі Әуе қорғанысы күштері экипаждары мен жауынгерлердің шеберлігін шыңдап, әскери кезекшілік дайындығын жоғарғы деңгейге көтеру.

Оқу-жаттығу кезінде ұшқыштар жақын, орта және алыс қашықтықтағы «әуе-әуе», «әуенің жоғарғы қабаты» санатында басқарылатын заманауи зымырындар мен әртүрлі калибрлі зымырандарды кеңінен қолданды.

06

Жердегі нысандарды көп функционалды Су-27, Су-30СМ, МиГ-29, МиГ-31 ұшақтар мен Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтар дәлдесе, әуедегі нысандарды ату міндеті С-300, С-200, С-125, С-75 «Куб» және «Круг» зениттік зымыран кешендеріне жүктелді.

07

Жауынгерлер сондай-ақ, шартты түрде жараланған қаруластарын өздерімен бірге ала кету операциясын сауатты жүзеге асыра алды.

08

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу