.

Леонардо Ди Каприоның қоры табиғатты қорғауға 20 млн доллар бөлді

leonardo-dicaprio

Аты әлемге әйгілі актер, «Оскар» сыйлығының иегері Леонардо Ди Каприо құрған қор негізінен қоршаған ортаны қорғауға арналған түрлі бағдарламаларды қаржыландырумен айналысады. Ди Каприо қоры бұған дейін де тұмса табиғатты сақтап қалуды алдына мақсат етіп қойған жүздеген ұйымға қаржы аударып келген болатын. Бұл жолғы қаржы көлемі қор үшін рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаражат жабайы табиғатты сақтаудан бөлек, байырғы халық құқықтарын қорғауға және ғаламдық жылынумен күреске бағытталған.

Айта кеткен жөн, Леонардо Ди Каприо өзінің қоршаған ортаны қорғауға белсене араласқаны үшін 2014 жылы БҰҰ-ның ауа-райы мәселелері бойынша әлем елшісі болып тағайындалған болатын.

       

Пікір жазу