.

Өрмелеу құмарлығы

Италияның Альпі тауларындағы via ferrata өрмелеу жүйесінде қауіпсіздік барынша қамтамасыз етілген. Бекітілген арқан текпішектер мен аяқ тірегіштер көтерілуді оңай әрі қауіпсіз етеді.

Патриcиа Эдмондс

I дүниежүзілік соғысы сарбаздарын Доломиттер тауынан өткізуге көмектесу үшін салынған арқан, саты мен текпішектер жүйесі via ferrata (темірсоқпақ) деп аталды. Бүгінде мұндай көмекші тораптар алты құрлықта бар және ардагер альпинист гид Маркус Бэктің айтуынша, тәжірибесіз жиһанкездерге «бір заманда жартасқа өрмелеушілер мен альпинистердің ғана табаны тиген жерлерге» саяхаттауға мүмкіндік береді.

Педиатрия саласындағы жедел жәрдем мейірбикесі, 53 жастағы Хайди Фаррингтон үш жыл бұрын via ferrata көмегімен Батыс Вирджинияны бағындырды.  «Ол сәтте өзімді қауіпсіз сезіндім», – дейді ол. Өрмелеу саяхатынан масаттанғаны сонша, Фаррингтон онымен көбірек айналыса бастады және кейінірек Альпі тауына сапар шекті.

Сондағы оның тау жолбастаушысы Альберто Де Гули: «Бұл – саябақ стиліндегі саяхат емес, нағыз шытырман. Өрмелеу үшін арқанға жабысасың, алайда аяқтарың тасқа тиіп тұрады», – дейді.

ФОТО: МАРТИН БРАЙТО, IMAGE BROKER/AURORA PHOTOS

       

Пікір жазу