.

Қалықтаған қатерлі спорт

Себастиан Бругалла Францияның Шамонидағы жартасынан секіруде. Бес өлімнен кейін уингсьют-бейсжампингке тыйым салынды.

Нина Строчлик

1997 жылы Патрик де Гейердон жарғақты нейлон костюм киіп, таудан секірген. Ол тау Норвегиядағы Кьераг тауы деп аталады. Ауа екпіні костюм­нің «үш қанатын» желбіретіп, самғауына мүмкіндік берді. Бұл – тұңғыш заманауи уингсьют. Кейін бейсджампинг деген спорттың ерекше түрі пайда болды. Оның атауы биік шың (B), антенна (A), қашықтық (көпір, S) және жер (E) сөздерінен шыққан.

Бұрын бейсджамперлер парашютпен тік құлдилайтын. Уингсьюттерде ұшқыштар отты сақиналар мен тар жартас құрылымдары арасынан ұшу секілді көлбеу әрі батыл әрекеттер жасай алады.

Алайда уингсьют ұшқыштарының қазаға ұшырау ықтималдығы жоғары. Уингсьют бейсжампингтен келген алғашқы қайғылы оқиға 2002 жылы тіркелді. «Өзіңнің не істейтініңді толыққанды бақылай алатындай сезінесің. Мұншалықты көп өлімге әкеп соғуының себебі – осы, – дейді 20 жылға жуық секіріп жүрген Джеб Корлисс, – біз құс емеспіз. Біз ұшпаймыз. Біз жерге қарай жойқын жылдамдықпен құлаймыз және алда-жалда сәл қателік жіберсек, біттік».

Былтыр бейсджамперлер үшін ең қайғылы жыл болды: қайтыс болған 37 адамның 24-і уингсьют киген еді.

Олар сағатына 240 шақырым жылдамдықпен «ұшып» келе жатып, жартасқа дейінгі ара қашықтықты қалай есептейтінін үйренеді. 2017 жылы Next Level деп аталатын компания парашютпен секіруге, уинг­сьютпен ұшуға арналған алғашқы оқу құралын жасап шықты. «Біз мақтан үшін ұшқысы келетіндерді қаламаймыз», – дейді Squirrel Wingsuits компаниясының қосалқы құрылтайшысы Матт Гердес.

Фото: Дамьен Дешам

       

Пікір жазу