.

Аль Гор

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Аль Гор 2006 жылы An Inconvenient Truth («Қолайсыз шындық») деп аталатын деректі фильмінде жұртшылық назарын климат өзгерісіне аударды. Осы шілдеде An Inconvenient Sequel сериясы көрермендерге жол тартады. 69 жастағы Гордың айтуынша, қазір тігілген бәс жоғары, шешімдер бұрынғыдан анық.


Климат өзгерісі туралы қоғамның теріс түсінігі жөнінде не ойлайсыз?

– Меніңше, қоғамның басым бөлігі климат өзгеруі аса маңызды мәселе екенін және оның шешімін табу үшін батыл әрекеттер жасау керектігін жақсы түсінеді. Ең бұлтартпайтын дәлелдерді Табиғат-ананың өзі берді. Қазіргі таңда ауа райының аптап ыстығының жиілеуі мен аяздың ызғарлылығы соншалық, айналада болып жатқанды көру қиындап кетті. Әйтсе де, тіпті «жаһандық жылыну» не «климаттың өзгеруі» секілді сөздерді қолданғысы келмейтіндердің өзі мұның басқа жолын тапқан. «Иә, біз Күн, жел энергиясына, батареяларға, электр көмегімен жүретін көліктерге және басқаға көшуіміз керек», – дейді олар.

Климат өзгерісі туралы дау неліктен қызып тұр?

– Теннесси штатында мынадай көне нақыл сөз бар: «Егер бағананың төбесінде тасбақа отырғанын көрсеңіз, ол жерге оның өзі шықпағанына сенімді болыңыз». Алпауыттардан қаржылай қолдау алып отырған азшылық топ бұл бағыттағы прогресті белгілі бір уақытқа кешеуілдетті. Олар «Үлкен темекі» оқиғасы кезіндегідей жалған күдік туындату үшін тура сол кездегідей әдістерін қолдана отырып лоббилендіру күшін пайдаланды және негізгі қарсыластарына дөңайбат көрсетті. Біздің бәріміз психологтар айтпақшы айланың қармауына түсуге бейімбіз: егер әлдебір нәрсе біз үшін қолайсыз болса, онымен айналысудың орнына, оны бір шетке итеріп, ысыра саламыз.

Болашақтан қандай үмітіңіз бар?

– Әлем бойынша бұл іспен айналысып жатқан адамдардың көптігі менің ерекше оптимистік көзқарасымды оятады. Нарық күші де бізге жұмыс істеп тұр. Күн, жел және басқа да технологиялар арзандауда әрі жетілуде. Көптеген қала мен компания 100 пайыз жаңғырып жаңашылдыққа көшуге уәде беріп жатыр. Мен баламалы революцияны тоқтату мүмкін емес деп сенемін.

ФОТО: КРИСТОФЕР АНДЕРСОН, MAGNUM PHOTOS БҰЛ СҰХБАТ ҚЫСҚАРТЫЛЫП, НАҚТЫЛЫҚ ҮШІН ӨҢДЕЛДІ.

       

Пікір жазу