.

Қираған қала қалпына келмек

А. Р. Уильямс

Британиялық археолог Макс Маллован Ирактың солтүстігіндегі жаңа ассириялық мекен – Нимрудты зерттеп жүргенде тыңшылық жұмысты жақсы көретін жұбайы Агата Кристидің көмегі тиді. Өзінің тынымсыз жұмысбас­тылығына қарамастан, детектив (роман) жазушы 1949-1957 жылдар аралығында қыс мезгілдерінде уақыт тауып, күйеуінің қазба жұмыстарында жарыққа шыққан жәдігерлерді тіркеп, суретке түсіріп отырды.

Бәлкім, ол жоғарыда сол жақта көрсетілген тас бедерін де суретке түсірген шығар. Бір кездері сарай қабырғасын безендірген бұл өрнекте «өмір ағашы» деп аталатын негізгі мотив алдында рәсім өткізіп жатқан абыз бейнеленген. Алайда суретте қызық нәрсе бар, ол –  абыз басының айналасындағы сызық. Бұған кінәлі XIX ғасыр тонаушылары болуы ықтимал, сондай-ақ ежелгі жаулап алушы әскерлер болуы да мүмкін.

«Інжілде» Калах атымен белгілі Нимруд шаһары б.з.б 883 жылы Аширнасирпал II патша тұсында жаңа Ассирия империясының астанасына айналды. Б.з.б VII ғасырдың соңына таман империя құлап, жаулар одағы қаланы тонап кетті. «Тонаушылық кезінде көптеген заттың қорланғанын білеміз», – дейді Лондонның университеттік колледжінің месопотамия маманы Марк Алтавей.

ДАИШ басбұзарлары 2014 жылы таяу маңдағы Мосулды басып алған соң, Нимрудты ойрандаған тарих қайталанды. Сүргіштер, мен бомбаларды пайдаланып, ғимараттарды қиратты. Әйтсе де, жоғарыда оң жақта көрсетілген бедердің бөлігі сау қалыпты.  «Аумақтың көп бөлігі жарылыстың соғылу толқындарынан қираған болуы мүмкін, – дейді Алтавей,– яғни оларды қалпына келтіруге мүмкіндік бар».

Агата Кристи Нимрудтан табылып, ұқыпты қазып алынған мыңдаған піл сүйегінің бөлшегін суретке түсіру үстінде. Бұл бөлшектердің көбімен бастапқыда жиһаздарды көмкерген және оларды Жерорта теңізі жағалауы маңындағы қалалардан астанаға олжа не алым-салық ретінде әкелген.

ФОТОЛАР: СОТ ДЖОН МАЛЛОВАН, ДЖЕРОМ СЕССИНИ, МАГНУМ ФОТОЛАРЫ; БЕТТМЭНН АРХИВІ/GETTY IMAGES

       

Пікір жазу