.

Аспандағы қауіпті серуен

   223

Алып шаһарлар бір-біріне ұқсас келеді: төбесі көкке тиген зәулім ғимараттар, тізбекті үйлер, геометриялық шатыр­лар. 1951 жылы түсірілген бұл фотосуреттің Нью-Йорк екендігін білесіз бе? Ортада – Эмпайр-Стейт ғимаратының төбесіне орнатылған телемұнара тұр. Оның бойымен байыр­ғы әдетін тастамаған Мохак үндісі аспанға қарай өрмелеп барады.

1880 жылдардың соңында канадалық көпір салатын компания Монтреал жанындағы Канавака резервациясы тұрғындары – бірнеше Мохак үндістерін құрылыс жобасына тартқан еді. Бұл тайпа мүшелері биікке өрмелеуде батыл болғандықтан, компания өкілдері оларға «өрмелеуден алдына жан салмайтын ептілер» деген ат берген. Мұндай құрметті атақтың арқасында Құрама Штаттарынан Мохак үндістеріне көптеген жұмыс ұсыныстары келіп түсті. Олар әлі де Канададан қатынап, осындай биіктіктерде жұмыс істейді.

Өткен ғасыр бойы Мохак темір ұсталарының ұрпақтары іс жүзінде Нью Йорк қаласындағы әрбір зәулім ғимарат пен көпір құрылыстарына араласты. Бас айналар биіктікте аяқтарын нық басып, темірден түйін түйетін оларға «аспанда серуендеушілер» деген айдар тағылған.

 Патрисия Эдмондс

       

Пікір жазу