.

Батылдықтың символы

1-фото

Аңдардың әбжілі әрі жаратылысы ерекше шың тағысы – барыс (ілбіс). Таралу аймағы тарылып, адам көзінен мейлінше тасалана тіршілік ететін хайуан «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» да енген.

3-фото

Деректерге сүйенсек, бойы 100-130 сантиметр, таза салмағы 35-55 келі тартатын ілбістер бүгінде тек 12 мемлекеттің ғана аумағында сақталыпты. Әлемде олардың саны 6,6 мыңнан аспайтын көрінеді. Қазақстандағы барыстар саны 180-215 шамасында. Негізінен Қазақстан территориясында Тянь-Шань тауларын, Жетісу Алатауын, Шығыс Қазақстан аумағын, оның ішінде Сауыр-Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таулы аймақтарын, «Ақсу-Жабағылы», «Алматы», «Марқакөл» қорықтарын мекен етеді.

4-фото

Табиғат зерттеушілерінің айтуы бойынша, соңғы онжылдықтарда барыстың іздері көпке дейін көрінбей кеткен жерлерде кездесе бастады.

5-фото

Барыстар арыстандар секілді үлкен тұқымдастық прайдтарды құрамайды. Оларға жеке, дара тіршілік ету тән.

6-фото

Ілбістердің бір тұқымдастық тобының тіршілік ету аймағын жыныстық жетілген ересек аналық дарақ (таутан) бақылайды. Жетіліп қалған және дербес тіршілік ете бастаған жас аталық дарақтар ересек аналық дарақ бақылайтын аймақтан кете бастайды. Ал жыныстық жетілген жас аналық дарақтар сол аймақтың шет жақтарында жүреді. «Алматы», «Ақсу-Жабағылы», «Марқакөл» қорықтарының территориялары барыстардың ежелден тіршілік еткен мекені болып саналады.

7-фото

11-фото

10-фото

9-фото

8-фото

Фото: Салтөре Сапарбаев, Павел Михеев

       

Пікір жазу