.

Ішіп-жеңіз, бірақ байқаңыз!

Кэтерин Цукерман

Өмір «алма жеген ауырмас» деген мақалдағыдай қарапайым болса ғой! Кливлэнд емханасының аға қыз­меткері, физик Майкл Ройзен осы суреттердегі тағам түрлерінің кейінгі 25 жылда 20-дан астам ғылыми жұмыстың тақырыбы болғанын айтады. Неге? «Олардың пайдасы орасан, кейбірінің тіпті зияны болса да жаппай тұтынылады», – дейді ол.

АҚШ-та анар мен пісте басты назарда. Себебі оларды зерттеуге, өндірісі мен сатылымына кейбір компаниялар қомақты қаржы бөледі. «Алайда ондай демеушісі бар зерттеулер нағыз шындықты бұрмалауы бек мүмкін», – дейді Ройзен. Мәселен, National Dairy Council коммерциялық емес ұйы­мында йогурт, ірімшік және басқа да сүт өнімдерінің артықшылықтарын кеңінен жарнамалауға мүмкіндік беретін «өте үлкен маркетингтік құралдары бар». Алайда осы кезге дейін денсаулыққа пайдалы саналып келген сүт өнімдерінде «лецитин» деп аталатын қоспа бары белгілі болды. Ал ол ішек бактериясымен қосылғанда ауруды қоздыратын және арты қатерлі дертке әкеп соғатын зиянды триметиламин қоспасын шығарады. Жұмыртқа сарысының құрамында да лецитин бар, сондықтан Ройзен оны аз қолдануға кеңес береді.

Ройзен құрамында көміртегі аса жоғары май, ірімшік және ет сияқты тағамдардан бас тартуға кеңес береді. Ал ең көп зерттелген қызыл шарап пен тазартылған экстра-класс зәйтүн майы ет пен сүт өнімдерінің зиянды әсерін жеңілдететін қасиетке ие. Десе де, алкогольдің денсау­лыққа зиян екенін, ал зәйтүн майының калориясы өте жоғары екенін естен шығармаған абзал.

«Қалай болса да ең дұрысы – сезімге емес, ғылымға сүйену», – дейді Ройзен. Көкөністер мен балыққа мән берген жөн.  Қара кофе ішіңіз (бұл бауырға пайдалы). Үнемі және аз мөлшерде жаңғақтың түр-түрін жеңіз. Десерт үшін қара шоколадты да бір тістеу артық етпейді.

       

Пікір жазу