.

Ес-ақылдың есендігі үшін

1960 жж. Роршах сынағы көп талқыланды. «Адамдар түсіне бермейді. Мәселе не көріп тұрғаныңызда емес, қалай көріп тұрғаныңыз­да», – дейді Силс.

Нина Строчлик

1917 жылы Швейцариядағы шағын қалалардың бірінде психиатр Херманн Роршах мидың қалай жұмыс істейтінін анықтау үшін ақ қағазға бояу шашып, адамдардан не көріп тұрғанын сұрайды. Осының арқасында ол шизофренияға шалдыққандар арасында ұқсастықты байқаған. Сөйтіп, Роршах ақпаратты визуалдық қабылдау арқылы психикалық саулықты анықтауға болатыны жөнінде тұжырымдама жасады.

Роршахтың түпнұсқа 10 суреті 1921 жылы – оның өлімінен бір жыл бұрын жарияланды. Чикагоға әкелінгеннен кейін олар болмысты анықтайтын тест ретінде АҚШ-қа тез тарады. Өткен ғасырдың екінші жартысында Фрейд талдауы секілді үрдістерге қызығушылық төмендегенде, жоғарыдағы сынақ жалған ғылымның синониміне айналды. Сыншылар оны қолдануға тыйым салуды көздеді. Алайда 2013 жылы Америка психологтар қауымдас­тығы жариялаған үлкен зерттеуде бұл бұрынғы психологиялық ауруларды анықтайтын әдістерге қарағанда әлдеқайда нәтижелі екені анықталды.

Роршах карталары мен олардың науқасқа көрсетілу реті ешқашан өзгерген емес. Психологтар карталарды диагностикалық құрал ретінде сақтап қалу үшін клиникалық жағдайдан тыс уақытта көрсетуді қаламайды.

Ғылыми тартыстарға қарамастан, Роршах сынағының Америка мәдение­тінде өз орны бар. Силстың айтуынша, ол «XX ғасырдағы ең көп тексерілген сурет болуы мүмкін».

       

Пікір жазу