.

«Байқоңырдан» Шолпанға ұшқан кеме

pia00104_locopy2

Шолпан ғаламшарының біз білмейтін құпиялары көп. Күкірт қышқылынан түзілген қалың бұлтты қабат жанартаудан пайда болған ойлы-қырлы ғаламшар бетін түгел жауып тұр. Мұндағы тығыз атмосфера ауа температурасы үдемелі жылыжай эффектісін туғызды. – Бұл ғаламшарда ауа температурасы 480ºC-қа дейін жетеді. Күннен біршама шалғай орналасса да, мұндағы ауа температурасы Меркурийдікінен анағұрлым жоғары. 2005 жылы Еуропа ғарыш агенттігінің бастамасымен Қазақстаннан Шолпан ғаламшарына «Венера-экспресс» деген әуе кемесі ұшырылды. Сөйтіп, ғаламшардағы тіршілік сегіз жыл бойы зерттелді. Нәтижесінде, оның Жер ғаламшарынан сәл ғана кіші екені және қарама-қарсы бағытта айналатыны анықталды.

Шолпан ғаламшарында жел баяу соғады. Алайда жерсеріктен түсірілген суреттерге қарасақ, атмосфераның жоғарғы қабатынан адам таң қаларлық жылдамдықты байқауға болады. Ұйытқыған жел сағатына 400 шақырымға дейін жетеді. Яки, бұл дегеніміз, ғаламшардың қозғалу жылдамдығынан 60 есе көп. Салыстырар болсақ, Жердің экватор сызығының бойымен айналуының орташа жылдамдығы сағатына 1600 шақырымды құрайды. Ал біздегі жел бұл жылдамдықтың жиырма пайызынан аспайды.

Желдің әсерінен Шолпан ғаламшарының полюстерінде турбулентті қозғалыс пайда болады. Төменгі бөлігіне күн сәулесі көбірек түсетіндіктен газ қабаты ысып, суығырақ полюстерге қарай ауысады. Ол жақта оттай жанып тұрған газ қабаты салқындап, құрғап қалған жерге сіңген судай ирелеңдеп көзден ғайып болады. Мұндай құйындар Күн жүйесінде жиі болып тұрады. Соның әсерінен Шолпан ғаламшарының беті сәт сайын түрленіп, көркемдігі арта түседі.

destination_venus_locopy1

Шолпан ғаламшары атмосферасының түгелге жуығы көмірқышқыл газынан тұрады. Яғни, Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарлардың атмосферасынан анағұрлым тығызырақ. Атмосфераның жоғарғы қабатында соққан дүлей желдің нәтижесінде полюстерде құйындар пайда болады. Төртбұрышты суреттерден оңтүстік полюстің сан түрлі бейнесін көруге болады. Олардың әрқайсысының ені 4000 шақырымды құрайды.

ФОТО: NASA / JPL; ESA/VIRTIS-VENUS EXPRESS/INAF-IAPS/LESIA-OBS. ПАРИЖ/ДЖ. ПИККИОНИ

       

1 пікір жазылған

Пікір жазу