.

Ит жылының талап етері – адалдық

 

Ит жылы – тауық жылынан кейін, доңыз жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 11 жылы. 12 жылға созалатын қайталама ол кезеңді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.

Қазақтар итті жеті қазынаның бірі санайтындықтан болар ит жылын жайлы жылдар қатарына жатқызады. Оның үстіне ол жылдың жайлы екенін білдіретін тарихи деректер де баршылық. Айталық, сонау 1920 жылдары басталған ашаршылықтың беті 1934 жылы қайтса, арада тағы бір мүшел өткенде, екінші дүниежүзілік соғыс (1946 ж.) аяқталысымен жайма-шуақ мерзім орнаған. Ал одан кейінгі 1958, 1970, 1982, 1994 және 2006 жылдар біздің халық үшін пайдасы көп болмаса да, зияны тие қоймаған.

Одан бөлек, ит жылынан бұрын келетін мешін, тауық жылдары тарихта жұт, аштық, ауыртпалық, табиғи апаттар және бейнетке толы жыл ретінде бағаланады. Ал ит жылы келісімен бастан кешкен ондай ауыртпалықтар өздігінен тарқап, жеңілдей кететіні бар.

Жалпы ит жылы адалдықты, шыдамдылық пен алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап ететіндіктен сатқындықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді.

Сондықтан биылғы жылы барлығымыздың серігіміз – адалдық, сүйенеріміз – әділдік, ал сенеріміз – тазалық болсын деп тілейік.

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу