.

Аты затына қалқан

Кэтрин Цукерман

2008 жылы Малайзияда табылған қыз­ғылт-сары түгі бар, үстіндегі «оюы» әдемі өрмекшіге Heteropoda davidbowie деген есім берілді. 2010 жылы кит қалдығы Leviathan melvillei деп аталғаннан кейін бұл көпшіліктің назарын өзіне аударған болатын. Сирек кездесетін аустралиялық сона – Scaptia beyonceae, Эквадордағы ағаш құрбақасы Hyloscirtus princecharlesi деп атала бастады.

Ғалымдар XXI ғасырдың ортасынан бастап мақұлық түрлеріне ресми түрде ат беріп келеді. Мұны швед биологі Карл Линней бастаған болатын.

Бүгінде жануар түрлеріне атау беруде осы саладағы жауапты мекеме Зоологиялық атау жөніндегі Халық­аралық комиссия белгілеген нұсқау­лық басшылыққа алынады. Жаңа жануар түрін тапқан адам оған есім беруге құқылы және кейбірі танымал тұлғалардың атын береді.

Атақты есімдерді қолданудың пайдасы сол, бұл жойылу қаупі төнген тұқымдастар мен олардың өмір сүру мекеніне көпшіліктің назарын аудартуы мүмкін. Атау беру, сондай-ақ жағымпаздықтың ғылыми тәсілі болуы да ықтимал. Неміс аранологі Питер Джэгер өзінің H.davidbowie өрмекшісіне есім қоюда екі мақсатты да көздегенін айтады. «Әлбетте, мен әнші-композитордың ең үлкен жанкүйерімін», – дейді ол.

Одағай өрмекші

Heteropoda davidbowie деп аталатын бұл өрмекші Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан. 2008 жылы тапқан қызғылт-сары түсті түгі бар жәндігіне ғалым Боуи мен оның жирен шашты персонажы Зигги Стардасттың есімін берді.

       

Пікір жазу