.

Бүлдіргенді бүлдірген

Даниель Стоун

Әр өсімдік «дем алады». Жеміс сабағынан жұлынған соң да тыныстай береді. Бірақ бірте-бірте солып, бұзыла бастайды. Одан соң ішіне мик­роағзалар еніп, бүлінеді. Салқындату бұл процесті шегере алғанымен көпке бармайды.

Кей ғалымдар бүліну процесін тежеу арқылы банан, авокадо немесе басқаларын екі есе ұзақ мерзімге сақтауға болады деп есептейді. Калифорния штатының Санта-Барбара қаласында Apeel стартап компаниясы кейбір көпке таныс дәнді дақылдардан липидтер шығарып, оны ұнтаққа айналдыру әдісін ойлап тапты. Ұнтақты суға езіп, жеміс­тер мен көкөністерге жаққанда өнім ішіндегі ылғал сақталып, микроағзалар ене алмайтын, бірақ жеуге жарамды қорғаныш қабат пайда болады екен. Фермерлер ерітіндіні егістікте, дистрибьютерлер орамада пайдалана алады. Бұл жеміс-жидектің сөредегі «өмірін» күндерге, тіпті апталарға ұзартады. Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы бұл процесті қауіпсіз деп мақұлдап, органикалық өнімдерге пайдалануға рұқсат берді.

Бірақ Apeel компаниясының ең үлкен мақсаты – азық-түлік қалдықтарымен күресу, өнім өндіруші мен сатушы арасына киліккен делдалдардың жолын кесу. Бұл технология дәнді дақылдарды өсірілетін жерлерден бұрынғыдан да алыс аймақтарға және көбірек мөлшерде жеткізуге мүмкіндік бермек.

Шабдалы мен бананға қарағанда бүлдірген үзіп алған сәттен бастап бүліне бастайды. Ғалымдар енді оны сақтау әдісін ойлап тапты. Ол – көзге көрінбейтін, бірақ жеуге жарамды қабық.

ФОТО: APEEL SCIENCES

       

Пікір жазу