.

«Боко харамға» қарсы қадам

Жұмысшылар «Баббон Гона» көмегімен өсірілген қызанақтарды жинап жатыр. Нигерия халқының басым бөлігі 24 жасқа толмаған, бірақ орташа шаруа жасы елуден асқан. Ұйымның іргесін қалаушы Кола Маша бағдарлама аясында 2025 жылға қарай бір миллион шағын фермердің басын біріктіріп, жұмыссыз жастар санын азайтуды армандайды.

Нина Строчлик

Африканың халқы ең тығыз орналасқан елі өз-өзін асырай алмай отыр. 35 миллион га егістік жері бола тұра, Нигерия үлкен мөлшерде импорт­та­латын азық-түлікке тәуелді. Ал бұл кезде жастар арасындағы жұмыссыздық 25 пайыз деңгейінде. «Боко Харам» тәріздес экстремистік топтар өз қатарларын осы жұмыссыз жастар есебінен толықтырады.

Жастарды қолдарына қару орнына кетпен алуға шақыру осы мәселелерді шешуге ықпал ете ала ма? «Жел отты қалай маздатса, жұмыссыздық та жастарды сондай секталарға итермелейді, – дейді нигериялық кәсіпкер Кола Маша, – ашулы адамдар үшін қарулы жасақ құру неліктен оңай шаруаға айналды? Өйткені жастардың экономикалық мүмкіндіктері шектеулі».

Маша «үлкен ферма» деп аударылатын «Баббан Гона» қожалығын басқарады. Бұл – өнімдерін көбейтіп, нарықтағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін ұйым. «Ауыл» шаруашылығына салынатын инвестиция – шетелдік көмектің ең тиімді түрі, ал жәрдемнің басқа түрі тайталасты өршітуі мүмкін», – дейді Эдвин Прайс. Ол Техас университеті жанындағы Шиеленіс пен даму орталығының директоры.

Африка даму банкі алдағы бес жыл ішінде шамамен 30 елдің жастарына арнап ауыл шаруашылығы саласында 1,5 млн жұмыс орнын ашуды көздейді.

Фото: Джейсон Эндрю

       

Пікір жазу