.

Құс қанатындағы хат

Осы айда 63 жастағы Джоффрей Ле Барон өзінің құс санау науқанындағы 30 жылдық мерейтойын атап өтпек. 1900 жылы басталған шараға бүгінде он мыңдаған құс бақылаушы қатысып, жұмыла жұмыс істеуде.

Құс санауды кім шығарып жүр?

1800 жылдары «Рождестволық қыр­ғын» деп аталатын ұғым болған. Онда адамдар белгілі бір бағыт бойынша аң аулауға шығатын. Аң мен құсты кім көп қырса, сол жеңіске жететін. Кейін Одубон қозғалысы тұмса табиғатты сақтау мәселесіне жіті назар аударып,  орнитолог Фрэнк Чапмэн 1900 жылы мерекелік аңшылықтың орнына Рождествода құс санауды ұсынды.

Сүйікті құсыңыз қайсы?

Бұл сұрақ маған жиі қойылады. Менің бұған жауабым мынау: адамзат үшін құс атаулының бәрі маңызды. Оның сирек болуы шарт емес. Биыл қатты көргім келгені шағала болар, бәлкім. Он бес жыл бұрын Род-Айлендтегі «Нинигрет» ұлттық табиғи қорығында санақ жүргіздім. Сонда тасқа қонақтаған кішкене ғана сүйкімді шағаланы көрдім. Ол толысқан көк шағала болатын. Содан бері жыл сайын әлгі құсқа ынтызармын. Ол дәл сол мүйісте тіршілік етеді. Сондықтан мен үшін бұл үрдіс аймақпен байланыс орнатып, достарыммен құс санау ғана емес, әлгі шағаламен дос болып кетуіме әсерін тигізді. Алда-жалда оны көрмей қалсам, мен үшін көңілсіз жыл болар еді.

Санақ барысында қандай өзгерістер байқалады?

Адамдар белгілі бір жануар түрінің санаулысы қалған кезде ғана оны жо­йылу алдында деп есептейді, мәселен – Калифорния құмайы. Бірақ жануар саны көп кезде олардың қандай проблемасы барын анықтау экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді. Біздің басты жұмыстардың бірі – санақ деректеріне қарап, қай құстың азайып бара жатқанын білу. 2009 жылы 300-ден астам құс түрінің қысқы мекендеу аймағын бақылап, ол жерлердің 40 жыл ішінде 322 шақырым солтүстікке қарай жылжығанын анықтадық.

Фото: Клэйр Роузен


National Geographic 2018 жылды «Құстар жылы» деп жариялады. Журналдың арнайы шығарылымы мен онлайн нұсқасын қараңыз. Сұхбат ықшамдалып алынды.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

1 пікір жазылған

  • өте жақсы журнал. Осындай журналдың болғаны біз үшін қуаныш. Егер ағылшын тіліндегі материалдарға аудармашы керек болса қабарласыңыздар.

Пікір жазу