.

Көзтартар

Қытай, Хэйлунцзян – елдің ең солтүстік провинциясы. Харбин халықаралық қар фестивалінің қонақтары лабиринт ішінде жол іздеп жүр. Мұнда миллиондаған адам келеді. Олар 15 қабатты мұз мұнарасы мен таңғажайып сарайды өз көзімен көреді.

Қытай, Шыңжаң автономиялы аймағында орналасқан жекеменшік мына көл аққулар мекеніне баланады. Суының температурасы қыстың өзінде 0 градустан төмендемейді және үнемі буланып жатады.

Қазақстан, түйе аптап ыстыққа, шөлге қаншалықты төзімді болса, аязды да онша елей бермейді. Мойны, тізесі мен өркешіндегі шуда жүнінің қалың болып өсуі олардың қысқа толықтай дайын екенін көрсетеді.

Фото: Фред Дуфор, AFP, Getty ImagesСәрсенбек Қызайбекұлы, Ерболат Шадрахов


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу