.

Биле, биле

Би ең көне «дене тілі» болса да, қағазға түсірілмегендіктен оның кейбір түрінің мәдени маңызы уақыт өте келе жоғалып кетті. Осылайша, бірі – көнеріп, бірі жаңарып жатыр.

Мысалы, 2011 жылы Бейонс өзінің хит әні Run the World (Girls) клипінде эфиопиялық иық биі – эскистаны көрсетті. АҚШ-тың кей жерлерінде қызығушылық төмендеп кеткен сквер-дансқа ынта қайта оянуда.

Англияда 500 жыл бұрын көбінесе ер–азаматтар билеген моррис бүгінде тек әйелдерге арналған клубтарда танымалдыққа ие. Түркиялық еркектер Осман империясы кезіндегідей бел биін билейді.

Би түрлерінің қайта жандануы бұған дейін де болған. Діннің зайырлы өмірге араласуы азайған тұста жаппай билеу қайта етек жайып келеді. Тіпті бүгінде классика саналатын вальстің өзі жұптардың тым жақындасуына себеп болғандықтан болар, бір кездері оған да тыйым салынған-ды.

Авторы: Гүлназ Хан, фото: IMAGEBROKER


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу