«National Geographic» деген не?

Негізгі контент

  • Дүниежүзінің таңғажайып мекендері мен табиғаттың тылсым құбылыстары;
  • Қазақстанның көрікті жерлері, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі;
  • Қазақстанда кездеспейтін, ерекше табиғат құбылыстары;
  • Әлемдік ғылыми жаңалықтар, қоршаған орта, экологиялық проблемалар;
  • Археологиялық жаңалықтар, тарихи тұлғалар;
  • Өнер, мәдениет, ұлттық дизайн, қолөнер және т.б.

 

Бірегей сипаттамасы

  1. Шығару құны жағынан әлемдегі ең қымбат журналдардың бірі.
  2. Жарияланатын материалдар – жаңашыл әрі шығынды қажет ететін зерттеулердің, экспедициялардың, саяхаттардың, археологиялық қазбалардың және т.б. қыруар жұмыстың нәтижесі.
  3. Журналда басылатын фотосуреттер талғамы жоғары фотоөнер эталоны болып табылады.
  4. Басылымды шығаруға ең танымал жазушылар, журналистер, фотографтар, саяхатшылар мен ғалымдар тартылып, қатысады. Олардың жұмыстарының арасынан ең  маңызды нәтижеге ие болғандары журнал бетінен орын алады.
  5. Жарияланатын ақпараттар мұқият тексеріледі.
  6. Журнал әлемнің түрлі өңірлерінен нақты карталарды қамтиды.
  7. «NG»-дың көптеген тұрақты оқырмандары журналды ұзақ жылдар бойы сатып алып (коллекция жасап) келеді және журналдың тігіндісін үй кітапханасында сақтауды дәстүрге айналдырған.
  8. Бұдан басқа, журнал өзімен бірге алып жүруге де, кез-келген жерде жастана жытып оқуға да аса ыңғайлы форматта шығарылады.

20160217112612

 

  • nationalgeographic.kz – бұл әлемнің ең мықты фотографтарының бірегей әрі алуан түрлі фотосуреттері;
  • Қазақстан мен әлем туралы танымдық мақалалар;
  • Саяхаттар туралы пайдалы ақпараттар;
  • Фотосурет өнері шеберлерінің кеңестері;
  • Арнайы айдарда өзінің жеке фотожұмысын жариялау мүмкіндігі;
  • Әр түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі;
  • Материалдарға комментарийлер қалдыру мүмкіндігі және оларды әлеуметтік желілер арқылы бөлісу.

 

NATIONAL GEOGRAPHIC – бұл журнал ғана емес, тарихы сонау ХІХ ғасырдан бастау алатын жаһандық қауымдастықтың бір бөлшегі.

  • Қауымдастық құрамына көптеген зерттеу бөлімдері кіреді, ал олардың қайталанбас бірегей материалдары журналда жарияланады.
  • Ұлттық география қоғамының ресми журналы 1888 жылдан бастап шығып келеді.
  • Әлемнің 38 тілінде, 80-нен астам елде таралады.
  • Журнал әлемдегі ең ауқымды ғылыми-ағартушылық ұйымның бірі болып табылады, оның мақалалары, кәсіби фотосуреттері мен карталары арқылы мәдениет, табиғат, ғылым мен технология туралы жан-жақты әрі уақытылы ақпараттар қамтамасыз етіледі.
  • Ұлттық география қоғамы адамзатты планета туралы ойлануға жігерлендіреді, қазіргі әлемді қорғауға бағдар береді, сондай-ақ жедел шешімін табуы тиіс аса күрделі деген мәселелерге қозғау салады.
  • Планетаны аялауды насихаттап, Қазақстанның қайталанбас табиғатының әдемілігін сақтау, өсімдік пен жан-жануарлар әлемін қорғау, осы бағыттағы білімді арттырып, таратуды көздейді.