.

Бектау Ата шатқалы

Бектау-ата-сарқырамалары

Қазақтың байтақ даласындағы көрікті мекеннің бірі – Бектау Ата шатқалы. Балқаштың солтүстігінде созыла жатқан керемет тау сілемдеріне көз тоймайды. Шатқалдың қай қиырына көз салсаңыз да алдыңыздан көркімен көз тартар дүние шыға келеді. Тау бөктері таулы-тасты, ой-шұңқырлары да көп. Жауыннан кейін осы шұңқырлар суға шомылып, аспанмен жердің тілдескеніндей әсер қалдырады.

Бектау-Ата-айналары

Наурыз айында Бектау Ата ерекше күйге енеді. Көктемде қар еріп, тау салаларында шағын сарқырамалар пайда болады. Жаз айларында құрғап, қаңырап қалатын шатқал осылайша бір бусанып алады. Әсіресе, қатты жаңбыр мен күннің күрт жылынауынан таудағы қар ерігенде сарқырамаға сән кіріп, ағысы асау мінезге басады. Автордың бұл суреті сарқыраманың сол мінезін дәл көрсетіп тұр. Ал көктемгі қалың тұман бұған ерекше көрініс береді.

Суретті түсірген: Ерболат Шадрахов,

Бектау Ата таулары, Қарағанды облысы.

    

Пікір жазу