.

«Теңіз бетіндегі» тылсым

Алматы-аспаны

Буырқанған мына «теңіздің» түбінде 2 млн-ға жуық адам өмір сүріп жатқанын білесіз бе?.. Тынымсыз тіршілік, дамылсыз қозғалыс та сонда. Абайсызда тұңғиығына түсіп кетсең, сан түрлі жыртқышқа тап болатындайсың… Сұсты, ашулы. Жағалауға жақын жерде шошайып тұрған әнеу бір сырық суға батқан кеменің оқтығы секілді.

Бірақ бұл мүлде олай емес. Бұл – кәдімгі Алматы қаласының жоғарыдан қарағандағы көрінісі. Іле Алатауының бөктеріне қонған, биіктігі 372 метр болатын «Көктөбе» телемұнарасы қала қалың тұманға оранған күндері осындай фантастикалық бейнеге айналып шыға келеді.

Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,
Алматы қаласы

    

Пікір жазу