Мылтықты майдан — National Geographic Qazaqstan
.

Мылтықты майдан

ФОТО: NATIONAL GEOGRAPHIC ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ

ФОТО: NATIONAL GEOGRAPHIC ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ

Осыдан 100 жыл бұрын Коннектикут штатының Нью-Хейвн қаласында орналасқан «Winchester Repeating Arms» компаниясының қызметкерлері бел жазбай жұмыс істеді. «Батысты бағындырған қару» деген атпен танымал 1873 жылғы Винчестер модельді винтовкасы құрастырылғаннан кейін оларға жаңа тапсырма жүктелді. І д.ж. соғыста жеңіске жеткізер қарулар жасау керек болды.

Осы жабық аумақтың ішінде қабырғаға ілінген суреттер мен күнтізбеден (үлкейтілген) ер-азаматтар дәлдеп атуды үйреніп, әр қаруды сынақтан өткізді. Сұраныс өте жоғары болды. 1915 жылы олар Британ әскеріне 250 мыңға жуық мылтық, ал Ресей жауынгерлеріне 300 мыңға жуық мушкет құрастырды.

АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін 1917 жылғы Энфилд моделі Америка әскеріне жаппай таратылды да, қарулар қан майданның ортасында сыналып жатты. – Ив Конант

       

Пікір жазу