.

Құс қанатындағы ғылым

Кемпірқосақ тукан (Ramphastos sulfuratus), Коста-Рика

Кемпірқосақ тукан (Ramphastos sulfuratus), Коста-Рика

Авторы КРИСТИ УЛЛРИХ БАРКУС

Фото: ТОДД ФОРСГРЕН

Осыдан 11 жыл бұрын фотограф Тодд Форсгрен торға қыстырылып өлген түнгі құтанның денесін көрген еді. Темір тордағы сұлбаға таңдана қараған оған бір ой келеді. Ол құстарды суретке түсірудің ерекше бір тәсілін табады.

Айыр құйрықты манакин (Chiroxiphia caudata), Бразилия

Айыр құйрықты манакин (Chiroxiphia caudata), Бразилия

Орнитолог ғалымдармен ақылдаса келе, Форсгрен 2006 жылдан 2014 жылға дейін бүкіл Американы шарлап, көзге байқалмайтын нейлон торларда шырмалып тұратын құстарды суретке түсірумен айналысты. Осы уақыт аралығында ол АҚШ-тың құрлықтық бөлігінде және Пуэрто-Риконы, Мексиканы, Коста-Риканы, Бразилияны мекендейтін құстардың 57 түрін суретке түсірді. Оның ең алғаш фотоға түсірген құсы – Калифорнияны мекендейтін ақбас торғай (қарсы бетте, астыңғы қатардың сол жағында – ред.).

Алқызыл пиранга (Piranga rubra), Коста-Рика

Алқызыл пиранга (Piranga rubra), Коста-Рика

Нейлон жіптен тоқылған торлармен жұмыс істейтін ғалымдар оларды әр 20-30 минут сайын тексеріп тұрады. АҚШ-тың геологиялық қызмет агенттігінің басшысы Брюс ПитерДжон: «мұндай торлар әнші құстарды уақытша қолға түсіріп, зерттеу жүргізуге өте тиімді», – дейді. Оның айтуынша, ғалымдар бақылауында болғандықтан нейлон торларға шырмалған құстардың 1 пайызға жетер-жетпесі ғана жарақат алады немесе өледі екен.

Ақбас торғай (Zonotrichia leucophrys), АҚШ

Ақбас торғай (Zonotrichia leucophrys), АҚШ

Құс торға шырмалған кезде Форсгрен тездетіп портативті студиясын дайындайды. Артқы фонға ақ мата керіп, объектіге жарық біркелкі түсу үшін фото-сәулені қалыпқа келтіреді. Сырт-сырт… Бәрі біткесін мамандар құсты тордан босатып, дене тұрқын және салмағын өлшейді, қай түрге жататынын анықтайды. Кейде аяғына сақина кигізеді.

Лимон түсті сайрағыш (Protonotaria citrea), Коста-Рика

Лимон түсті сайрағыш (Protonotaria citrea), Коста-Рика

Питерсонның айтуынша, құстар жайлы мәліметті осылай жинау ғалымдардың тенденцияларды анықтауына мүмкіндік береді. Мәселен, құстар миграциясы немесе олардың көбеюі мен дамуына қатысты мәліметтер оларды сақтап қалуға көмектеседі.

Қылыш қанатты колибри (Campylopterus curvipennis), Мексика

Қылыш қанатты колибри (Campylopterus curvipennis), Мексика

Форсгреннің пайымдауынша, құстар тіршілігін толыққанды түсінуге мұндай зерттеулердің септігі зор. Сондай-ақ ол осы арқылы адамдардың құстарға деген аяушылық сезімін оятуды көздейді.

Келемеждеуші құс (Melanotis caerulescens), Мексика

Келемеждеуші құс (Melanotis caerulescens), Мексика

Форсгреннің айтуынша, көптеген адамдар бұл суреттерге бей-жай қарай алмайды. Оның бұл өнері ғылымға деген қызығушылықтан пайда болды. «Осы бір ғажап, зерттеушілік жұмысты халыққа паш етіп, оның маңызын атап көрсеткім келеді», – дейді ол.

Солтүстік Америка түкті аяқ байғызы (Aegolius acadicus), АҚШ

Солтүстік Америка түкті аяқ байғызы (Aegolius acadicus), АҚШ

       

1 пікір жазылған

Пікір жазу