.

Байғұс құс неден өлді екен?

Figure3BirdMummy_st3stomach

Компьютерлік томография арқылы мумияланған құстың сирек кездесетін түрге жататыны анықталды. Алайда зерттеушілерді қайран еткен басқа мәселе: күйкентай тышқанды толық жұта алмай тұншығып өлген секілді. Ғалымдар құстың өңешінде тіреліп тұрған құйымшақты көріп таңғалды. Кеміргіштің қалған бөлігі құстың асқазанында екен. Тіпті, ол жерден кемінде екі тышқан мен бір торғайдың сүйектері, тырнақ қалдықтары табылады. «Бұл құс тым көп жеп қойған», — дейді мумия сарапшысы Салима Икрам.

Fig-7-screenshot3

Әдетте мұндай жыртқыш құс қорегін еш қиындықсыз жейді. Еттері асқазанында қорытылып, сүйектерін құсып тастайды. Ал мына құстың тіпті құсып тастауға шамасы келмеген. Икрамның пайымынша, бұл құс торда ұсталған әрі күштеп тамақтандырылған. Б.д.д. шамамен 600 және б.д. 250 жылдары құрбан шалу үшін ұсталып, мумияланған және Күн Құдайы Раға ұсынылған құстың бірі болуы кәдік. Ендеше ол қорегі тамағына тұрып қалмаса да, өліммен бетпе-бет келер еді. — А.Р.Уильямс

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ СУРЕТТЕРІ: САЛИМА ИКРАМ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР, ОҢТҮСТІК АФРИКАЛЫҚ МУМИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ТОБЫ

    

Пікір жазу