.

150 жыл өмір сүрсең не етер едің?

01

Тасбақа – бауырымен жорғалаушылар отрядына жататын, котилозаврлардан шыққан ең көне жәндік. Ол жәндік Антрактидадан басқа барлық құрлықта тіршілік етеді, негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған. Ол жәндіктің кейбір түрі суық күндері және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

02

Тасбақалардың басқа жәндіктерден басты ерекшелігі – олардың денелері сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауырындағы сауытын пластрон деп атайды. Сауыттарының ұзындығы 12 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді.

03

Тасбақаның көру, иіс сезу мүшелері жақсы дамығанымен құлақтары нашар естиді. Жақтарында тіс болмайды. Құрлық тасбақалары көп жағдайда өсімдіктермен қоректенсе, тұщы су тасбақалары балық, қосмекенділер және омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Жыныстық жағынан 2-3 жасында жетіліп, жылына 3 рет жұмыртқа салады.

04

Біздің елімізде тасбақалардың екі тұқымдасы: тұщы су тасбақасы мен құрлық тасбақасын кездестіруге болады. Бұл жәндіктің еті мен сауытына бола жиі ауланатындықтан Халықаралық табиғат қорғау одағы оны «Қызыл кітапқа» кіргізген.

Табиғи жағдайда олар орта есеппен 150 жылдай өмір сүреді.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу