.

Топан су басса қайтпекпіз?

LDC-High-Res-Headshot

Леонардо Ди Каприо қиялдағы әлемде табыс тауып жүргенін жиі айтады. 41 жастағы «Оскар» иегері 1820 жылдардағы келімсектің, 1920 жылдардағы олигархтың және 1960 жылдардағы алаяқтың рөлдерін сомдады. Бүгінде Ди Каприо – БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі. Климаттың өзгеруі мен үкімет тарапынан қолдаудың қажеттігі сынды өзекті мәселелерді қаузайтын деректі фильм түсірді. «Топан су алдында» деректі фильмін түсіру үшін бүкіл әлемді шарлап, басты рөлді өзі сомдады.

– Бұл фильм арқылы кімге ой тастамақсыз?

– Ғаламшарымызды сақтауда әрқайсымыздың өзіндік рөліміз бар. Бұл фильм бүкіл адамзатты – ғаламдық көшбасшылардан бастап қарапайым азаматтарға дейін – климат өзгерісінің қаупін түсіндіруге бағытталған. Бізге нәтижелі қадам керек. Яғни, бүгіннен бастап жаңғыртылмалы және жасыл энергияның қолданысын жеделдетуіміз қажет. Түсірілім барысында Рим Папасы Франциск, Президент Обама, өз халқын аталмыш іс-шараға үлес қосуға үндеп жүрген Үндістандағы танымал саясаткер Сунита Нарейнс сынды миллиондаған адамды иландыра алатын беделді тұлғаларды сұхбатқа тарттық.

– Климат өзгерісіне қоғам назарын қалай аударады?

– Бұдан асқан маңызды мәселе жоқ. Себебі, ғаламшардың болашағына қауіп төніп тұр. Біздің бұдан басқа ғаламшарымыз жоқ. Климат мәселелерін шешуде энергияға арқа сүйеу және әлемдік көшбасшыларға бұны шешуге ықпал ету ұзақ уақыт бойы тұрақты әрі өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.

– Бұл фильмді түсіру үшін бүкіл әлемді шарладыңыз. Адамдар америкалықтарға қандай үндеу жолдайды?

– Ғаламдық климат өзгерісіне қатысты өзекті мәселелерді жете зерделей білетін және ғылымның даусыз шындығына сенетін көшбасшыларға дауыс беруіміз керек. Ешбір мемлекет немесе қоғам климаттық апаттардан сақтандырылмаған. Калифорнияда құрғақшылық орын алып, Майамиде мұхит суы көтерілуде. Ал Мексика бұғазында дауылдар күшеюде. Бұл дағдарыстың алдын алуға әлі де мүмкіндігіміз бар. Әлем назарын тарихтағы ең өзекті мәселеге аударуға қауқарлымыз.

ФОТО: ДЖОН РУССО ҰСЫНҒАН, «ТОПАН СУ АЛДЫНДА»

       

1 пікір жазылған

Пікір жазу