.

Көзтартар

RTX2A2A8

Мьянма

Янгон қаласының шетіндегі кірпіш зауыт маңында құндақтаулы нәресте қолдан тоқылған аспалы торда тербеліп жатыр. Сәбидің анасы кірпіш күйдіретін пеште жұмыс істеп, тиісті ақысын алады. Көптеген отбасылар осында жатып жұмыс істейді.

ФОТО: СОУ ЗИЯ ТАН, РЕЙТЕР

IMG_5987

Түркия

Битлис провинциясындағы мына сайдың шаңы бұрқырап жатыр. Шопандар қойларын Немрут тауындағы жайылымға қарай айдап барады. Түркияның шығысындағы осы бір климаты қатал, егістікке жарамсыз аймақ мал шаруашылығына тікелей тәуелді.

ФОТО: АБДУЛЛА МЕТИН

L20150901DY2_5631

Құрама Штаттар

Аризонаның Ред­Рок таулы аймағындағы Сонора шөлінде найзағай жарқылдап, кемпірқосақпен үйлесім тауып тұр. Тортолита тауларымен бірге Аризонаның осы бөлігіндегі бірнеше тау сілемдері күннің күркіреп, найзағайдың ойнауына себеп болады.

ФОТО: ДЖЕК ДИКИНГА, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ КІТАПХАНАСЫ

       

1 пікір жазылған

Пікір жазу