.

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып…

01

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей;

 

Көктемді қондырып қанатына,

Құс қайтып келеді Алматыма.

Ән толды аспанға,

Құс қонды жас талға.

02

Басқа басқа қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінде құстарға, оның ішінде жыл құстарына ерекше мән берілген. Қазақ халқы құстарға арнап ән шығарған, өлең арнап, әлдебір шығармаларға атау берген, көркем және деректі фильмдер де түсірген. Жоғарыдағы мына екі әннің, екі шумағы соған дәлел.

03

Біздің елімізде құстардың 480 түрі мекендесе, солардың басым көпшілігі  – жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан басу үшін көктем айларында ұшып келіп, балапандарының қанаттары қатая күз айларында жылы жаққа ұшып кетеді.

04

Жыл құстарына: қоқиқаз, құтан, қарлығаш, бұлбұл, дегелек, жабайы үйрек, көкек, бірқазан, аққу, тырна және ләйлек құсы жатады.

05

Құстардың жылы жаққа ұшып кетуінің басты себебі күзде өзен-көлдердің бетіне мұз қатып, қорек қоры азаяды. Одан бөлек заңы қатал табиғатқа жыл құстарының физикалық дене-тұрқы шыдас бере бермейді. Ал көктемде олардың қайта оралатындығы – экватор сызығына жақын орналасқан Оңтүстік Азия және Африка мемлекеттерінде жаз айлары шамадан тыс ыстық болатындықтан құстардың жұмыртқалары шіріп кетеді. Сондықтан жыл құстары туған жеріне ең алдымен ұрпақ өрбіту үшін келеді.

06

Құстардың дене тұрқы мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, ұшпайтын, еттi және жүндi болып бөлінеді. Құстар орман-тоғайлы, сулы және далалы жерлерде, тау бөктерiнде тіршілік ететін жабайы және қолға үйретілген асыранды түрлерге бөлінеді.

Жалпы жер бетінде құстардың 9000 жуық түрі бар.

07

Фото: Анатолий Устиненко, Михаил Шпигельман, Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу