.

Күркетауық қоңырауы

Без-имени-1

 

Күркетауық шаруашылығы көптеген отбасын «Ұлы дағдарыстан» аман алып шықты және бұл жұмысты көбіне әйелдер атқарды. 1940 жылы түсірілген мына суретте Айдахо штатының әйел тұрғыны жыпырлаған күркетауықтармен сіңісіп кеткендей. Ол да сондай кәсіпкерлердің бірі болған көрінеді.

Күркетауықтар көрінген жерге жұмыртқа басады. 1933 жылғы газетте Айдахо тұрғыны Эммет: «Қонақ бөлмеде, орындықта, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшада, барлық жерде күркетауық балапан­дары жүреді», – деп жазады. Алайда құстар тек үйде өсірілген жоқ. Сай-салада да емін-еркін жайылды.

«XX ғасырдың ортасына қарай отбасылық кәсіпкерліктің орнын коммерциялық шаруашылық басқанға дейін ферма балалары құстарды қой баққандай бағатын», – дейді Айдахо тарихшысы Мэде­лин Баккендорф. Ол кезінде атасы күркетауықтарды шатқалдың жусанға толы жоталарына жаюға жібергенде келген-кеткені естілу үшін қолданған қоңырауды әлі күнге дейін сақтап жүр. – Ив Конант

    

Пікір жазу