.

Бір топ санта

i53131_160707_1018

Авторы: Патрисия Эдмондс

«Santa Claus Is Coming to Town» әнін алып, ны бірнеше жүзге көбейтсең, Миссури штатындағы Бренсон қаласында осы шілде айында ұйымдастырылған Әлемдегі Ең Үлкен Санта Конвенциясының қандай шешім шығарғанын түсінесің. Бес күнге созылған сауда шоуында Аяз Атаның «ұрпақтары» түрлі-түсті бояу мен маркетинг, сақалды баптау немесе Сантаның этика мәселелері турасындағы түрлі семинарларға қатысып, 550-ден астам Санта сауалнамаға жауап берді. Оның нәтижесі төмендегідей.

Орташа жасы – 63,5; ең кіші Санта 29-да, ең үлкені 94-те. Орташа салмағы:  114 кг, ең жеңіл Санта (60) мен ең ауырының (200) орта салмағын есептегенде. Ана «қампайған» қарын рас қарын ба? 78% «иә» дейді. Мына сақал шын сақал ма? 93% шын дейді. Көз жеткізу үшін сақалыңнан тартқандар болды ма? 67% «негізінен балалар тартты» десе, 25 % «ересектер тартты»  дейді. Сақалыңызды бояйсыз ба, жоқ па? 49 % құдай берген ақ сақал десе, 40 % оны ақ түске бояған, я түзеп-күзеген. Тізеңізге отырғызған бала «жіберіп қойған» кез болды ма? 31% «иә» деп жауап берді. Сантаны жалдау қызметіне агент қолдандыңыз ба? 24% «иә» деді. Сіздің техникаға жақын эльф көмекшілеріңіз бар ма? 50% Cанта атымен Фейсбук парақшасы бар, 44% Санта қызметі бойынша вебсайты бар, 24% «маған электронды поштаны қолдана алсам да жаман болмас еді» дейді. Сіз Санта мектебіне бардыңыз ба? 23% «жоқ» десе, қалғандары бір мәрте болса да барғам дейді. Сүйікті дәміңіз: 44% шоколад түйіршіктері, 20% мейіз қосылған сұлы қауыз, 9% қант печенье. Сүйікті сусыныңыз: 31% ыстық какао, 25% сүт, 20 % эг-ног (алкоголь көлемі көрсетілмеген). Кристмас мерекесіндегі сүйікті әніңіз: 21% «Santa Claus Is Coming to Town», 18% «Silent Night», 14% «Rudolf the Red-Nosed Reindeer». Аса ұнамайтын Кристмас әні: «The Twelve Days of Christmas» мен «Grandma Got Run Over by a Reindeer» әндерінің әрқайсысы бірдей – 1% төмен көрсеткіш көрсетті.

ФОТО: ДИНА ЛИТОВСКИ

    

Пікір жазу