Болашақтың символына айналған қар барысы

 

Bars

Адамзатпен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан Қар Барысы (Ілбіс) бүгінде жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұр. Себебі, ол өте сирек балалап, адам көзінен тысқары, тек таулы аймақтарда, теңіз деңгейінен 1500-4000 метр биіктікте өмір сүреді. Дене тұрқы ерекше сұлу болып келетін бұл жыртқыш аңның ұзындығы 2,5 метрге, ал салмағы 55 келі дейін жетеді. Екі жылда бір рет қана балалайтындықтан көбейіп үлгере алмауда. Осыған орай қар барысы Халықаралық және Қазақстанмен қатар бірнеше елдің «Қызыл кітабына» енгізіліп отыр.

Ілбіс – тек Азия құр­лы­ғын мекендейтін аң. Ертеректе қар барысы  Памир, Тянь-Шань, Қарақорым,  Каш­мир, Гималай таула­рында, Ауғанстан, Қытай, Үндіс­тан, Қазақстан, Қырғыз­стан, Өзбекстан, Мон­ғолия мен Пәкістан елінде тіршілік етіп келген.

Ал Қазақстан бойынша Іле Алатау, Сырдария Қаратау, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Күршім таулы мекендерінде кездесетін. Бүгінде Іле Алатауындағы Алматы  қорығын санаулы ғана ілбіс мекендейді. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы қар барысының саны 120-130 бас шамасында қалып отыр.

Тек таулы жерлерде мекендеген қар барысының «ирбис» атауының өзі көне түркілердің «ірбіз» сөзінен шыққан.

Қолда ұстауға көнбейтін бұл аңның орташа өмір сүру жасы 13-14 жыл.

Фото: Павел Михеев

    

Пікір жазу