.

Метрополис

Карачи қаласындағы (Пәкістан) автобус аялдамасы, сандық фотозертхана және қайнаған көше саудасы.

Карачи қаласындағы (Пәкістан) автобус аялдамасы, сандық фотозертхана және қайнаған көше саудасы.

Әлем халқының жартысынан көбі шоғырланған мегақоныстар – 21-ғасырдағы адамзат пен энергияның тоғысқан жері іспетті.

Мәтін және фото: Мартин Ромерс

Бұрынғыға қарағанда қазір көп адам қалалық жерлерде тұрады. БҰҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, қазір әлем халқының тең жартысы қалаларда тұрады. 2050 жылдарға қарай бұл көрсеткіш шамамен 70 пайызға жетпек. Әлем бойынша қала тұрғындарының 1/8 бөлігі мегақалада, яғни 10 миллион нан асатын алып шаһарларда өмір сүреді.

Осыған байланысты мен «Метрополис» деп аталатын мақалалар циклын бастадым. БҰҰ келтірген статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, қалалықтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін көрсетсем деймін. 2007 жылдан 2015 жылға дейін мегақалаларды суретке түсіре жүріп, урбанизацияның серпінді үдерісін құжаттадым.

Мен байлық пен кедейлік, дәстүрлі мәдениет пен қарқынды даму арасындағы кереғарлықты көрсетуге тырысамын. Осындай тар жерлерде осыншама көп адамның бірге өмір сүретініне қайран қалам. Мегақалада ешқашан бос орын болмайды. Бірақ онда тапқырлық, қауымдасып тіршілік ету сезімі бар.

Мен қай қалада жұмыс істемейін, жергілікті тұрғынды өзіме көмекші етіп жалдаймын. Қай жерлерге бару керек екенін ақылдасамыз, егер ол қызық болса, оны суретке қай жерде тұрып түсірсе, жақсы болатынын талқылаймыз. Сосын ыңғайлы сәтті күтеміз.

Қала өмірінің аласапырандығы мен энергиясын көрсету үшін, суретке түсірудің жарықты ұзақ уақыт ұстау әдісін қолдандым. Кадрдағы элементтердің қайсысы қозғалыста, қайсысы орнында тұрғанын білу маңызды. Олардың арасында теңгерім, бейберекеттікте үйлесім болу керек.

Менің барлық суреттерім таспаға жазылған. Мақсатым мегақала өмірін жалғыз суретте – кең көлемді, калейдоскоптық бір бейнеге енгізу. Осы топтамадағы барлық суреттер көп қатпарлы. Үлкендеу етіп басылған суреттерге неғұрлым ұзағырақ қараған сайын соғұрлым көп нәрсе көресіз. Мен осы суреттерді сан мәрте мұқият зерттесем де, оларды қараған сайын көзім жаңа оқиғалар мен элементтерді тауып отырады. Сізде де солай болады деп үміттенемін.

ДЖЕРЕМИ БЕРЛИНГЕ АЙТҚАНДАЙ

Саябақ аумағынан түсірілген Эйфел мұнарасы. Мұнда алғаш келгенімде полицейлер рұқсатымның бар­жоғын сұрады. Оны заңды түрде алуға агентімнің үш апта уақыты кетті. Кейбір батыс қалаларының бюрократиялық кедергілерге байланысты өз қиындығы бар. Бірақ бұл уақыт жұмсауға тұрарлық іс.

Саябақ аумағынан түсірілген Эйфел мұнарасы. Мұнда алғаш келгенімде полицейлер рұқсатымның бар­жоғын сұрады. Оны заңды түрде алуға агентімнің үш апта уақыты кетті. Кейбір батыс қалаларының бюрократиялық кедергілерге байланысты өз қиындығы бар. Бірақ бұл уақыт жұмсауға тұрарлық іс.

Токиодағы Шибуя қиылысы – әлем бойынша халық ең көп шоғырланған нүкте саналады. Абстрактылы көрініс жасау үшін жарықты 8­10 секундқа қойдым. Сіз мұнда мыңдаған адам тасқынын көре аласыз. Қимылсыз тұрғандары санаулы...

Токиодағы Шибуя қиылысы – әлем бойынша халық ең көп шоғырланған нүкте саналады. Абстрактылы көрініс жасау үшін жарықты 8-­10 секундқа қойдым. Сіз мұнда мыңдаған адам тасқынын көре аласыз. Қимылсыз тұрғандары санаулы…

Лагостың (Нигерия) күнделікті тіршілігін биіктен қарағанда, түрлі­түсті бұлдыр мозаикаға ұқсатасыз. Африка – урбанизация қарқыны жоғары құрлық. 2030 жылдары Лагос, Каир мен Киншасе секілді үш мегақала қатарына Дар­эс­Салам, Йоханнесбург және Луанда да қосылуы ықтимал.

Лагостың (Нигерия) күнделікті тіршілігін биіктен қарағанда, түрлі­түсті бұлдыр мозаикаға ұқсатасыз. Африка – урбанизация қарқыны жоғары құрлық. 2030 жылдары Лагос, Каир мен Киншасе секілді үш мегақала қатарына Дар-­эс-­Салам, Йоханнесбург және Луанда да қосылуы ықтимал.

Мен әрбір суреттің оқиғасы болғанын қалаймын. Калькутта (Үндістан) рикшаларымен танымал. Соны суретке түсіргім келді, бірақ олар трамвай болмаса, ешқашан тоқтамайды. Бағыма қарай, Ленин Сарани жолында трамвай дамылдамайды екен.

Мен әрбір суреттің оқиғасы болғанын қалаймын. Калькутта (Үндістан) рикшаларымен танымал. Соны суретке түсіргім келді, бірақ олар трамвай болмаса, ешқашан тоқтамайды. Бағыма қарай, Ленин Сарани жолында трамвай дамылдамайды екен.


Мегақалалар туралы Мартин Ромерстің «Metropolis» кітабы 2015 жылы жарияланды. Және ол барлық әлем қалаларында таратылды. «Metropolis-тегі» жұмыстар Амстердамдағы Рейксмюзиум және Хьюстондағы бейнелеу өнері музейіне қойылған.

       

Пікір жазу