.

Жусанның жұпар иісі

жусан-фото

Кең далаға шығып, терең тыныстағаныңда тұнық ауа жаныңды рахатқа бөлейді. Айнала көкорай шалғын, көк майса. Сылдырап аққан су мен жайқалған шөп. Сондай әдемі көріністерге қарап тұрғаныңда маңдайыңды самал жел желпіп өткен бойда шөптің иісі мұрныңды жарып жіберердей болады. Және ол иіс жаныңа шабыт беріп, бойыңа қайрат-жігер дарытатындай. Шөптің аңқыған жұпар иісіне қанбағандар жусанды мұрнына тақап тұрып иіскейтінін қайтерсің..

 Бұл шөп көбінесе еліміздің Оңтүстігі, Оңтүстік Шығысы, Орталығы мен Батыс өңірлерінде жиі өседі. Олардың түрлері өскен топырағының ерекшелігіне қарай сұр, боз және жасыл болып келеді. Жалпы жусанның жер бетінде 81 түрі кездесе, ал қазақ жерінде ғана өсетін бір түрі дәрілік шөп ретінде ерекше бағаланады. Атап айтар болсақ, ол шөп ұйқысыздыққа ұшырағанда, тіс иегі қақсағанда, апатияға тап болғандар мен тыныс жолдары ауыратындарға таптырмас ем.

Жусанның биіктігі 10-60 сантиметр аралығында болса, арасында жерге жайылып өсетіндері де бар. Жусан – мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық және витаминді болып бөлінеді.

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу