.

Хас сұлуым – қарлығашым

01

Қазақтар қыздарына «Қарлығаш» деген есімді бекер қоймаса керек. Себебі біздің ата-бабаларымыз басқа басқа бұл құсты ежелден ерекше қастерлеп, ұясын бұзбаған. Себебі жер бетінде қарлығаштан асқан қимылы ширақ, өзі ақылды, әрі еңбекқор құс болмаса керек. Оның үстіне ел ішінде қарлығаш туралы аңыздар мен ертегілер, жұмбақтар мен мақал-мәтел жетерлік. Оған «Қарлығаштық құйрығы неге айыр?» ертегісі мен Төле бидің қалай «Қарлығаш би» атанғаны дәлел. Ол құсқа қатысты ырым-жоралғылар да жоқ емес. Мәселен, қарлығаш биікке ұшса – күн ашық болады, жер бауырлап ұшса – жауын жауады деп болжаған. Ал қарлығаш жылы жақтан орала сала қораға қонса, қой егіз туады, үйдің жақтауына немесе шатырына қонса сол үйдің жан басы көбейеді деп ұққан.

02

Қарлығаш – айыр құйрықты, шағын денелі торғайлар отрядына жататын хас сұлу құс. Дене тұрқы қара ала, бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр болып келеді. Оның басқа құстардан басты айырмашылығы – жемін ұшып жүріп ұстаса, суды да ұшып жүріп ішетіндігі. Арктика мен Антарктидан басқа жердің барлығында мекендейді.

Күзде Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Ұясын топырақ пен сазды сілекейлеп отырып қалап, ішіне майда шөп, қауырсын мен түрлі мамық заттар төсейді.

03

Жалпы жер бетінде қарлығаштың 80 түрі кездессе, соның 5 түрі өз еліміздің аумағында мекендейді. Олар: жар, құз, қос реңді, сепкілтөс және кент қарлығашы болып бөлінеді.

Қарлығаштар жылына екі рет балапан басып шығарады да, әр басқанда 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Өздері жем іздеуге кеткенде балапандары ұядан құлап кетпеуі үшін аяқтарын қылмен байлап кетіп отырады.

04

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу