.

Билікке қарсы музыка

STOCK_Bones-Discs-5022

Наташа Дэйли

Кеңес Одағы кезінде, әсіресе, қыр­ғи-қабақ соғысының алғашқы жылдарында музыканың көптеген түріне тыйым салынған еді. Батыс джазы мен рок-н-ролы – «жаудың әуені», ал орыс эмигранттарының поп музыкасы «сатқындардың әуені» ретінде қабылданды. «Кеңестіктер осыларға ұқсайтын кез келген әуенге тыйым салды», – дейді британдық музыкант Стефен Коатс.

1946 жылы әуенге ғашық екі ленинградтық жігіт – Руслан Бугасловский мен Борис Тайгин музыка жазбаларының көшірмесін жасаудың жолын табады. Көбіне әуендердің түпнұсқасын елге теңізшілер жасырын әкелетін. КСРО-да шикізаттың тапшылығына байланысты екі жігіт дыбыс жазу машинасын бұрғы мен громофондардың бөлшектерінен құрастырып шығарады. Ал әуендерді жұмсақ пластикалық рентген суреттеріне жазады.

Осылайша, «сынған қабырға», «шыққан жамбас» пен «бас сүйек» суреттерінен Бродвей шоуының әуе­ні мен орыс тангосы төгілді. «Бұл туындылардан Кеңес адамдарының жасырын сүйген әуендерінен алған шынайы ләззатты байқауға болады», – дейді Петербургтегі «қаңқадағы жазбаларға» көзі түскен Коатс.

Басқа қалалардағы заңсыз саудагерлер әлгі екеуінің тәсілін пайдаланып, жиырма жылдан бері жалғасып келе жатқан жерасты музыкасы салтын қалыптастырды. Бірақ мемлекет те қарап қалмады: Бугасловский үш рет түрмеге қамалды. «Музыка құдіреті, міне, осындай», – дейді Коатс.

«Қаңқадағы жазбаларды» x-rayaudio.com сайтынан тыңдаңыз. Стефен Коатс: «Рентген аудиосы: Қаңқадағы Кеңес әуенінің қызығы»

Суретте Рентген аудиожобасы

       

Пікір жазу