.

Түс оңалмай, іс оңалмас

STOCK_sh_6_inception_5a_output_22

Нина Строчлик

Ғылыми фантастикалық прозашы Филип Дик айтқандай, андроидтер түс көре ме? Түстердің мақсаты мен мағынасы көптен бері талқыланып келеді. Роботтардың түс көретін қабілетінің арқасында ғалымдар адамдардың ұйқыда не көретінін анықтауға жақын.

2013 жылы невролог Юкиясу Камитани жүздеген адамға сынақ жүргізіп, ұйқыдан кейін олардың бастарын МРТ-ға түсіріп отырған. Көрген түсін толық түсіндіріп берулері үшін ғалым оларды жиі-жиі оятады. Камитани модельдеудің арқасында ояу кезінде көрсеткен нәрселердің  бейнесін алып, ерекше жаңалық жасады. Қысқа ұйқыға кеткенде аталған модельдеудің түсірілімін алу үшін қатысушылардың милары сканерден өткізіліп, компьютерлік бағдарлама арқылы түстерінің негізгі мазмұны автоматты түрде қысқа видеоларға айналдырылған. Зерттеу нәтижесінде видео есте қалған түстерге қарағанда 70%-ға анығырақ мағлұмат берген.

Екі жылдан соң Google инженерлері компьютердің түске ұқсайтын бейнелеріне қол жеткізген. Олар мимен шабыттандырылған компьютер алгоритміне не жасанды нейрондар жүйесіне миллиондаған сурет салып, оның көрсетілген бейнелерді қаншалықты ажырата алатынын анықтамақ болады. Ол үшін кескіндер DeepDream бағдарламасына салынады. Бұл – құдды бұрынғы теледидардағы статик сияқты, жүйенің әртүрлі бұрмаланған визуалды кескін не дыбыс пішіндерін анықтау арқылы өзіндік алгоритмге негізделген қиял әлемін құруына мүмкіндік беретін бағдарлама. Жазылған жаңа ақпар арқасында компьютер психоделикалық бейнелер көрсетеді. Дәл адамның түсіндегідей, алдын ала көрсетілген кескіндер  ерекшеліктеріне сай конфигурацияланады.

Берклидегі Калифорния университетінің профессоры Джэк Галлант: «Мида түстің пайда болу жолдарын түпкілікті зерттемейінше, оның дәлме-дәл жазбасын жасау мүмкін емес», – деп пайымдайды. Әйтпесе, ғалымдарға әр ойдың миға ықпалының энциклопедиясын жасауға тура келер еді.

Google-дың жасанды нейрондар жүйесі түстің бейнесін жасап шығарды. Толығырақ ngm.com/May2017 сайтында.

СУРЕТ (КОМПЬЮТЕРМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН): МАЙК ТИКА, GOOGLE

       

Пікір жазу