Криминалистердің жолы болды

«Мысырлық көк» атты ұнтақ дегеніміз: мыс, кварц құмы, әктас, күйдіргіш натрий оксиді (сода) және кепкен тұздар тәріздес сілті.

«Мысырлық көк» атты ұнтақ дегеніміз: мыс, кварц құмы, әктас, күйдіргіш натрий оксиді (сода) және кепкен тұздар тәріздес сілті.

Уиллиямс А.Р.

Ежелгі Мысыр ХХІ ғасырға қол ұшын созды. Соңғы зерттеу жұмыстары нәтижесінде сонау 5250 жыл бұрын ойлап табылған «мысырлық көк» деп аталатын бояудың бүркігіш ұнтағын күрделі саусақ іздерін анықтау үшін пайдалануға болатындығы анықталды.

Бүгінде «мысырлық көк» синтетикалық пигментінің химиялық құрамы мен ұзақ сақталатын қасиеті ғалымдардың ерекше қызығушылығын оятты. Жақында бұл бояудан жарықтың әсерінен спектрлік инфрақызыл сәулелер бөлінетіні анықталды. Осы сирек кездесетін әрі көзге көрінбейтін люминесценцияны сараптамада қолдануға болады.

Әдетте полиция қылмыстық оқиға орнын түсті ұнтақпен өңдеп шығады. Ұнтақ кез келген саусақ іздеріне жабысады. Алайда жылтыр беткейлерден саусақ іздерін анықтау қиынға соғады. «Мысырлық көктің» нағыз сыналатын кезі – осы.

Ұнтақ әдеттегідей қылқаламмен жағылады. Артынша беткей жетілдірілген камераның және жақын спектрлік инфрақызыл сәулелерге сезімтал сүзгіштің көмегімен ақ сәулелі жарықта суретке түсіріледі. Егер беткейде саусақ ізі қалған болса, суретте ол анық көрінеді. Зерттеу тобының мүшесі, сот химиясы жөніндегі аустралиялық маман Саймон Льюистің айтуынша, қазірдің өзінде компаниялардың бірі осы ұнтақ бо­йынша маркетинг қызметін бастап кеткен. «Біз бұл ұнтақтың қолданылуына заңды түрде рұқсат берілуі көп уақыт алмайды деп пайымдап отырмыз», – дейді ол.

    

Пікір жазу