.

Қайта жанданған Арал

01

02

Арал теңізі – кезінде құрлықтың ортасында орналасқан дүниежүзіндегі ең ірі төрт су қойманың бірі болатын. Солтүстік бөлігі Қазақстанға, ал Оңтүстігі Өзбекстан аумағында орналасқан Арал теңізі соңғы 40 жыл шамасында өзінің бастапқы көлемінен 4 есеге дейін кішірейіп кеткен кездері де болды. Оған себеп 1960 жылдары Кеңес Үкіметі басшылығының мақта егістігін суару үшін Аралға құятын екі негізгі өзен – Сырдария мен Амударияны бұруға пәнмен беруі болды. Соның салдарынан арада жылдар өткенде теңіз деңгейі 18 метрге дейін төмендеп, Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).

03

04

05

Айта кетейік, соңғы жылдары Арал маңында тіршілік жанданып келеді. Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстіктегі бөлігімен салыстырғанда тәуір. Оған 2005 жылы салынған 14 шақырымдық Көкарал бөгеті айтарлықтай сеп болуда. Нақтырақ айтсақ, 2010 жылы бөгеттің көмегімен Солтүстік Аралдағы су мөлшері теңіз деңгейін 42 метрге дейін көтерілсе, орташа тереңдігі – 8 метрге жеткен.

06

07

Соның арқасында Солтүстік Аралдың айналасына ондаған балық зауыты ашылып, жылына 3 мың тонна балық өңделеді. Дәл қазіргі уақытта ол теңізде сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта және камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су Арал қаласына да жақындайды деген болжам бар.

08

09

10

11

12

13

14

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу