.

Чипке тізу

Нақты өлшемі: 15мм – 35мм.

Наташа Дэйли

Бұрын тірі адам ағзасына қауіпсіз биомедициналық сынақ жүргізу ақылға қонымсыздай көрінетін. Алайда енді флешканың көлеміндей ғана «чиптегі ағза» бүйрек, ми, өкпе, ішек және басқа да мүшелердің қызметін атқара алады. Осы кезге дейін ғалымдар биомедициналық зерттеудің көбін жануарларға немесе «Петри тостағы» деп аталатын жасушаларға жасап келген болатын. Адам ағзасында ондай құрылғы болса, статистикалық ортада ғана сыналды.

«Чиптегі ағза» мөлдір түтікшеден тұрады, оның бойына мыңдаған тірі жасуша тізілген және қоректендіргіш заттектер денедегідей әрекет етеді. «Бұл – «үй ішіндегі үй», адам биологиясына салынған терезе іспетті», – дейді ағза-чип өндіретін Emulate Inc компаниясының аға ғылыми қызметкері Гералдин А.Хамилтон. Чиптер дәрілердің ағзаға әсерін тексеруге және астма секілді ауруларды сынап көруге қолданылды.


Ағза-чиптерінің іс жүзіндегі жұмысын ngm.com/Sep2017-ден көріңіз.

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

       

Пікір жазу