Сырын білмеген жылқының… — National Geographic Qazaqstan
.

Сырын білмеген жылқының…

Араб жылқысы қорасына қарап тұр. Жылқы – өткір көзді жануар, олар мысық пен итке қарағанда қырағы. Сондай-ақ топтасып өмір сүру үшін дамыған қарым-қатынас тіліне ие.

Джереми Берлин

Шындықты мойындайық, жылқы жануары әркімге бір сырын бере қоймайды. Соңғы зерттеулер ер қанатының басқалармен байланысу үшін 17 түрлі бет-әлпет қимылын жасайтынын анықтады. Бұл адамдарға қарағанда 10 қозғалысқа аз, бірақ иттен – бір, шимпанзеден төртеуге артық.

Суссекс университетінің мамандары мұны жылқы бетінің бұлшық еттерін зерттеу арқылы анықтаған. Олар туғанына 4 апта болған және 27 жас аралығындағы тұқымы әртүрлі 86 айғыр мен биенің 15 сағаттық бейнежазбадағы мінез-құлқын зерттеген.

Зерттеудің соңы ретінде EquiFACS (жылқы бет-әлпеті қимылын кодтау жүйесі) деп аталатын бағдарламаны пайдалана отырып, өздері бақылаған көз, ерін, танау және иек қимылдарын жүйеледі. Нәтижесінде, түрлі тұқымдастар арасындағы жарыспалы эволюцияны көрсететін іс-қимыл картасы пайда болды.

Ғылыми жұмыстың жетекші авторы Дженнифер Уатан жылқы мен адамның бет-әлпеті қозғалысы арасындағы ұқсас­тықтың таңдай қақтыратынын айтады. Ұқсастыққа қорқынышты, таңданысты не қайғыруды көрсететін қастың ішкі жағын көтеру (мүләйімсіп қарау), не амандасуда қолданылатын езуін кері тарту (күлімсіреу) және дабылды білдіретіндей көздерін кеңінен ашу жатады.

Уатанның айтуынша, бұл деректер түрлер арасындағы байланысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. «Біз жануарлардың эмоциясы туралы көп білмейміз. Бұл бағдарлама соған көмектеседі», – дейді ол.

Фото: Тим Флах

       

Пікір жазу