.

Араларға араша

Apis mellifera бал арасы (жоғарыда) Еуропа, Таяу Шығыс пен Африканы мекендейді. Бүгінде Солт.Америкадағы A. mellifera араларының жағдайы мәз емес.

Кэтрин Цукерман

Бал арасы патшайымы 2-3 жыл өмір сүреді. Бірақ америкалық омарташылар олардың өмір сүру мерзімі соңғы он жылда қысқарып кеткеніне куә болып отыр. Бұл – бал арасы өміріне қатысты көп сұрақтың бірі ғана. Олардың өліміне түрлі паразиттер, улы химикаттар мен мекендеу аймағының тарылуы негізгі себеп болса керек.

Балдан бөлек аралар тозаңдандыру ісінде ауыл шаруашылығында маңыз­ды роль атқарады. Егер бал арасы күрт кемитін болса, алмадан бадамға дейінгі көптеген дақылдың өсіп-жетілуі қиынға соғар еді. Солт.Каролина мемлекеттік университетінің энтомологі Дэвид Тарпи елдегі омарташылардың 90 пайызы әуесқой болғанымен, омарталардың басым көпшілігі коммерция­лық ұйымдарға тиесілі екенін айтады.

Араның жойылуы тамақ өндірісіне орасан зиянын тигізбек. Сондықтан ғалымдар оған балама жолдар іздес­тіруде. АҚШ-тағы бал араларының көбі Италиядан келген. Олар «варроа кенесі» деп аталатын жәндікке қарсы тұра алмайды. Бірақ азиялық аралар оған төтеп береді әрі олардан көл-көсір пайда бар. «Мәселе – мынада. Олар италиялық тұқымдастарына қарағанда көп бал өндіре алмайды және үлкен көлемдегі фермаларды тозаңдандыратындай миграциялық әлеуеті жоқ», – дейді Тарпи.

АҚШ Геологиялық қызметінің жабайы табиғат биологі Сэм Дроженің айтуынша, балама шешім – мыңдаған солтүстік америкалық жабайы ара түрлерін дамыту. Олар – тамаша тозаңдатушы, сирек шағады және көлемі, әдетте, күріш дәніндей ғана болады.Олардың басты кемшілігі бал шығара алмауында болуы мүмкін. «Бірақ біз балды басқа елден де әкеле береміз», – дейді Дроже.

0

Publication author

offline 2 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation