.

Калория картасы

Келси Новаковски

Әлемде фермерлер жаһандық аштықты жоюға жететіндей азық-түлік өсіреді, алайда 795 миллион адам әлі де талғажау таппай отыр. Кедейліктің кесірінен көптеген адам БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ААҰ) белгілеген күндік 2,353 калория тұтыну межесіне жете алмайды. Ұйым өкілі Карло Кафиероның айтуынша, негізгі қиындық – саяси тұрақсыздық, табиғи апаттар азық-түліктің таралуына айтарлықтай кедергі келтіріп, жетіспеушілікке әкеп соқтырады. Осылайша, адамдардың нан табу жолындағы күресі күрделене түседі.

Аштыққа қарсы күресте әлемде ілгерілеушілік бар. Өткен ширек ғасырда дамушы елдерде азық-түлік тапшылығы деңгейі 23-тен 13 пайызға дейін төмендеді. Дамушы елдер халқы көбіне дәнді дақылдан не крахмал тәріздес тамырлардан нәр алса, өнеркәсібі дамыған елдерде ақуыз, май және қант басымдыққа ие.

АЛЬБЕРТО ЛУКАС ЛОПЕЗ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ. ДЕРЕККӨЗ: КАРЛО КАФИЕРО, ААҰ

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation