Еркек пе, ұрғашы ма? — National Geographic Qazaqstan
.

Еркек пе, ұрғашы ма?

Леван Буткузи

Гиенаның репродуктивті жүйесі өте ерекше. Ерекшелігі сонша, ғасырлар бойы адамдар шиебөрілердің барлық төрт түрін (теңбіл, жолақты, қоңыр гиеналар мен протел қасқырларын) қосжыныстыға балап келді. Өйткені шиебөрілердің еркек-ұрғашысында бірдей қамшы болады. Сондықтан жыныстық қатынасқа түскенде бірін-бірі алмастыра береді. Теңбіл ұрғашы гиена өзге аналық шиебөрілерден ерекше келеді. Оның деліткі қуысы қамшысының жуандығынан әлдеқайда көлемділеу. Шығыс Лансиңдағы Мичиган мемлекеттік университетінің маманы Кай Холекамп: «Оның деліткі қуысы тым көлемді болғандықтан, дәрет шығатын, шағылысатын және көбейетін мүшесі – псевдо-қамшы толығымен сезімтал бола алмайды», – дейді. Шиебөрінің дәл осы түрінің аналықтарында қынабы сырт­тай байқалмайды. Ылығу кезінде аналық мүше жұмсарады, алайда аталық қамшы деліткі қуысына емін-еркін енуі тиіс. Дегенмен кішкентай ғана қуыс­тан 1,5 келілік күшікті шығарып алу оңай емес екені белгілі. Холекамптың айтуынша, оның нақты жынысын ешкім әлі толыққанды түсіне алған жоқ.

Тарғыл гиенна

Таралу аумағы: Сахелден Оңт.Африкаға дейінгі жартылай шөлейтті жерлер мен саванналар және тау ормандары.

Мәртебесі: Жойылу қаупі жоқ

       

Пікір жазу