Сәні мен салтанаты жарасқан Дискус — National Geographic Qazaqstan
.

Сәні мен салтанаты жарасқан Дискус

Дискус цихлид тұқымдасына жатқызылады. Табиғатта тек Амазонканың өзендері мен көлдерінде тіршілік еткенімен, қазіргі таңда аквариумдарда жүзіп жүр.  Дене тұрқы диск тәрізді дөңгелекше болып келетін дискус балығы жолақты және жолақсыз болып бөлінсе, ұзындығы 20 сантиметрге дейін, ал олардың түсі әр түрлі бола береді.

Швед ғалымдары дискусты хеккел, теңжолақты және жасыл-қызылтеңбіл дискус деп үш түрге бөліп қарастыруды ұсынады.

Аквариумдағы ең әдемі балықты ұстаудың машақаты да аз емес. Себебі оны асырайтын ыдыстың көлемі әр балыққа 40 литр судан келуі және судың 15-20 пайызы күнделікті ауыстырып отыру керек. Аквариумдағы балық саны 7-8-ден аспауы және судың температурасы бір қалыпта шамамен +28-30 градус аралығында болғаны абзал. Әйтпеген жағдайда, балықтарыңыздың ауруға шалдығу ықтималдығы жоғарылайды.

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу