.

Горилла емшісі

Жетім горилла Конгодағы ғибадатхананы ветеринармен бірге аралап жүр. Дайан Фосси туралы толығырақ білу үшін National Geographic телеарнасын тамашалаңыз.

Дайан Фосси 1985 жылы өзінің Руандадағы зерттеу орталығына ветеринар Джеймс Фостерді «горилла дәрігері» ретінде шақырған. Бірнеше аптадан кейін Фоссиді біреулер өлтіріп кетеді. Бірақ Фостер ештеңеге қарамастан аурухана ашу туралы ойынан қайтпайды. Бүгінде Уганда, Руанда және Конгоның шекараларында өмір сүретін әлемдегі соңғы 880 тау гориллаларын өз қорғауына алған «Горилла дәрігерлері» ұйымында 15 ветеринар жұмыс істейді.

Эдди Камбале мен Мартин Кабуйайа Конгоның шығыс бөлігіндегі тыныш аймақ – Вирунга ұлттық сая­бағындағы джунглиге ай сайын барады. Олар әр горилланың денсау­лығын тексеріп, жарақаттарын емдеп, тіпті қажет болған жағдайда ота да жасайды. «Қалың орман қарулы қарақшылардың да сүйікті мекені. Кезігіп қалған жағдайда әуелі олардың басшысын әңгімеге тарту керек. Мен оларға қарапайым ветеринар екенімді айтамын», – дейді Камбале.

Былтыр олар «жедел жәрдем берушілер» атанды. Соңғы үш жылда Конго екі рет Эбола вирусының таралуымен күресті. Егер вирус осы аймаққа келсе, горилла қамқоршылары оның шығу тегін анықтап, ауруды қалған тау гориллалары мен адамдарға жеткізбей жойып жіберіп отырады.

Авторы: Нина Строчлик, фото: Молли Фелтнер, горилла дәрігерлері.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МЕДИАҚОРЫ ОСЫ МАҚАЛАНЫҢ ЖАРЫҚҚА ШЫҒУЫНА ГРАНТ БӨЛДІ.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation