Аман болсын аналар! — National Geographic Qazaqstan
.

Аман болсын аналар!

Бояу құрылымдық өзгерісті көрсетеді, тышқан жолдасының бөлшектері ана үшін қиын жағдай болып табылатын преэклампсияның сырын ашады.

Жүктілік немесе босану кезінде күн сайын жүздеген әйел көз жұмады. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, тым жоғары және ол – барлық мемлекетке ортақ проблема. АҚШ-та да соңғы жиырма жылда жүктілікке қатысты өлім саны күрт өсе түскен.

«Негізгі себеп – жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуы. Бірақ қан қысымы, аяқ-қолдың ісінуі, ақуыздың көтерілуі тәріздес симптомдары бар преэклампсия ауруларын емдеуге болады. Соған қарамастан әлемде жыл сайын мыңдаған ана көз жұмуда», – дейді Мария ханшайым атындағы Лондон университетінің иммунологі Сочита Надкарни. Оның мақсаты – тек екінші не үшінші сатысында білінетін бұл сырқаттың белгілерін одан да ертерек анықтау.

Сырқатты ерте анықтау мақсатында, Надкарни сәбидің жолдасын (плацента) зерттеді. Бұл ағза сүтқоректінің құрсағында ұрықты қоректендіреді, бірақ тек иммундық жүйе жұмыс істегенде ғана міндетін толық атқарады. Надкарни тышқан ағзасындағы осы жүйені өзгерткенде оның күретамырлары (суретте 1-ден 5-ке дейін) соғуынан жаңылған 6-9.

«Жүктілік – таңғажайып әрі керемет құбылыс, – дейді Надкарни, – егер, мұндай жағдайда иммундық жүйе қалай қызмет ететінін жақсы түсіне алған болсақ, онда оның преэклампсияда неге қауқарсыз екенін анықтау қиынға соқпайды».

ФОТО (ТҮРЛІ БЕЙНЕЛЕРДЕН ЖИНАҚТАЛҒАН): СОЧИТА НАДКАРНИ, УИЛЛЬЯМ ХАРВИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ, МАРИЯ ХАНШАЙЫМ АТЫНДАҒЫ ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІ; НЕЙЛЬ ДАФТОН

Авторы: Кэтрин Цукерман


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу