.

Қара аю қалай ағарған?

Мыңдаған жыл бойы Тынық мұхиты жағалауында өмір кешкен Канаданың жергілікті китасу халқы бұл аю жайлы аңызды білетін. Үлкендердің айтуынша, Raven немесе Қарға Құдай жерді қатқан тастан жасыл желекке айналдырған. Бірақ мұз дәуірінің естелігі ретінде әр 10 қара аюдың біреуін ақ етіп қалдырған. Оның ресми атауы – Кормод. Жергілікті тұрғындар оларды аю, аруақ, рух деп атаса, кейбірі оларды әулие не әдеттен тыс жаратылыс деп сенеді.

Бұл аюлар туралы деректердің артында тек аңыз емес, әрине, ғылым да бар. Олардың тегі және түрі – Америка қара аюы. Бірақ аталық пен аналықтың пигмент өндіруге әсер ететін гендерінде мутация болса, төлінің жүні аққа айналады. Мұны дәлелдеу үшін ғалымдар аю түгінің үлгілерін жинау мақсатында заманауи құралдарды пайдаланды. Кейіннен олардың ДНҚ-сын тексерді. 220 аюдың ішіндегі 22-сіне ата-анасынан бірдей ген берілген және бәрінің түсі – ақ.

Күйекке түсу маусымы мамырдан басталып, шілдеге дейін созылады. Басқа да аю түрлері секілді ұрықтанған эмбрион аналықтың жатырында ұзақ жатады. Егер ұрық әлсіз болса, эмбриондар көбеймей, аналық сол жылы бедеу қалады. Күшті  эмбриондар күзге таман ұрықтанып, қыста бірден беске дейін қонжық ертеді.

Қысқа қоң жинау мақсатында аюлар күз күндерін салман аулауға жұмсайды. Қара аюға қарағанда ақтары күндіз балықты екі есе көп аулайды екен. Өйткені ақ аю аспанның көгілдір түсімен астасып, көрінбей қалатын секілді.

Киелі аю:

МЕКЕНДЕУ АЙМАҒЫ: Британия Колумбия­сындағы Үлкен аю жаңбырлы орман аралдары мен жағалауы.

ҚОРҒАЛУ МӘРТЕБЕСІ: Бұл аюлар жерде сирек кездеседі, саны бірнеше жүздің шамасында.

БАСҚА ДЕРЕКТЕР: Ursus americanus kermodei есімі оларды алғаш тапқан Франкис К. құрметіне қойылған.

Авторы: Патрисиа Эдмондс

Фото: Пол Никлен, NATIONAL GEOGRAPHIC CREATIVE


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу