.

Қатерлі ісік емделеді

Қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілі иммундық жүйенің Т жасушаларына (қызғылт) қатерлі ісік жасушасын тауып емдеуіне көмектеседі (сары).

Қазіргі қатерлі ісікті емдеудегі жоғары технологиялық әдістер жүзжылдық тәжірибеге сүйенеді, яғни ағзаның иммундық жүйесін ісікке қарсы бағыттайды. 1891 жылы Нью Йорк қаласында Уиллям Колей есімді хирург ісіктің кей түрлері емделуші инфекция жұқтыр­ғаннан кейін де жазыла бастағанын байқаған. Осыны сезген Колей қылтамақпен ауыратын науқасқа бактерия еккені сол-ақ екен ол адамның ісігі біртіндеп қайта бастайды.

Қазір иммуннотерапия қатерлі ісікті зерттеуде маңызды салаға айналды. Ғалымдар инфекция иммундық жү­йенің белсенділігін арттыра алатынын анықтады. Егілген Т жасушалары қатерлі ісік жасушаларын тауып жояды.

Зерттеу барысында иммундық шабуылдар секілді, қатерлі ісік жасушаларын «Т» жасушаларынан қорғану үшін жамылатын қабықшадан аршып алатын дәрілермен қоса жаңа әдістер табылды. «Кейбір тәсілдер иммундық жүйенің бар күшімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ал өзгелері олардың қарқынын арттырады, жолындағы молекулалық және жасушалық кедергілерді алып тастайды», – дейді Мюнхен экомедицина зерттеу орталығының зерттеушісі Эльфриде Ноесснер.

«Нәтижесінде, – дейді Ноессеннер, – иммуннологиялық кедергіні жоя алатын антиденелермен қоса, құрама емдеу тәсілінің көмегімен қатерлі ісіктің көптеген түрін жазуға болады».

Авторы: Эрика Энгельхаупт


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation