.

Досы көпті жау алмас

ХХ ғасырдағы әлемді зерттеу бойынша екі тарихи маңызды оқиға – Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгейдың Эверест шыңын бағындыруы, бұл – олардың шыңға өрлеу сәті және Солтүстік полюсті ашуы. Төмендегі суретті полюс экспедициясын басқарған Роберт Пири Солтүстік полюсте түсірген.

Мұнда топ мүшелері – Инуитс Оокэ, Оота, Эжиңуа, Сигло және Пиридің досы америкалық Тэттью Хенсон орнатқан бірнеше тудың біреуі көрініп тұр.


«Соңында полюске жеттік!» Бұл – Роберт Пиридің күнделігіндегі жазба. 1909 жылы National Geographic қоғамы демеушілік еткен экспедиция барысында оның тобы Солтүстік полюсті ашқанын жария етті.

Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгей 1953 жылы 29 мамырда «Эверест шыңын тұңғыш бағындырған альпинистер» атанды. Олар Rolex демеушілігімен жабдықталған экспедицияның мүшелері еді. Жалпы алғанда National Geographic пен Rolex түрлі зерттеу экспедицияларына 200 жылдан астам уақыт бойы қолдау көрсетіп келеді.

National Geographic пен Rolex картада жоқ жерлерді зерттеп жүрген жандарға демеушілігін жалғастыра бермек. Бірақ талап өзгерді: енді зерттеу­шілер өз жұмыстарын көпшілікке ғылыми негізде терең түсіндіруге және адамдардың оларды қорғауға деген ынтасын оятуға талпынуы тиіс.

National Geographic пен Rolex серіктес ретінде үш аса маңызды бағыт бойынша жұмыс істемек: мұхит, полюс және тау:

  • Өзгелерге ой сала алатын жігерлі ғалымдар мен жазушылар жетекшілік ететін экспедициялар жасақтау;
  • Ғылыми жаңалықтар, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдер ұсына алатын зерттеулерді қолдау;
  • Бұқараға білім мен ақпарат тарататын басқосулар ұйымдастыру.

Мұхиттарда жұмыс қазірдің өзінде қызып жатыр. Nationalgeographic.com сайтында осы ынтымақтастықтың арқасында туған жаңа мақалалар жарық көріп, фотосурет, кескін мен анықтамалық мәліметтер ұдайы жария­ланып, әлеуметтік желілерде белсенді бөлісілуде.

Екі ұйым да мұхит зерттеу саласындағы жетекші тұлғалармен көп уақыттан бері ынтымақтастықта. Олардың арасында Rolex компания­сымен 1970 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мұхиттанушы Сильвия Эрл, 1960 жылы батискаф құрылғысымен мұхиттың ең терең нүктесіне жеткен мұхиттанушы Дон Уолш, 2012 жылы бір адамдық арнайы аппаратпен осындай тарихи тереңдікті бағындырған режиссер Джеймс Камерон, «Rolex National Geographic: 2017 жыл зерттеушісі» атанған суасты фотографы Брайан Скерри бар.

Rolex пен National Geographic зерттеу­шілердің жаңа буынына көмек көрсетуді мақсат тұтады. Осы ынтымақтастықтың арқасында қол жеткен жетістіктер жөнінде келесі беттерден оқи аласыздар.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу